19-23 тамыз аралығында Көктерек негізгі мектебінің базасында тоғызқұмалақтан облыстық турнир өтті
Турнирге Қостанай, Рудный қалалары мен Әулиекөл, Қостанай, Меңдіқара аудандарынан 50 спортшы қатысты
Классика түрінен Конституция күніне арналған сайыста бірінші орынды меңдіқаралық Ербосын Үмбетов иеленді. Екінші орынды меңдіқаралық Жансая Смаилова алса, үшінші орынды қостанайлық Дархан Серікбаев иеленді.
Рапид түрінен «Меңдіқара үні» газетінің редакторы Мырзалы Оңайбаевты және блиц түрінен спорт ардагері, Ғалихан Есеналинді еске алуға арналған сайыстар өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында қостанайлықтар Ерсұлтан Жалғасбай, Қуаныш Калелов, Талшын Мұхтарова, рудныйлық Айдын Жакиев және меңдіқаралықтар Рысбай Кереев, Ұлан Қуаныш, Бахтияр Қадыржан, Жанерке Серікбаева, Жандос Смаилов, Гүлмаржан Айгужина, Жансұлу Серікбаева, Гүлзат Мұқатай, Айдын Қаршыға, Дияс Жунусов, Ақжүніс Жүрсін, Дилназ Аманжолова, Илья Бякин, Бекзат Еслямгалиев, Аділет Мурзахметов, Олжас Бисенбай, Али Даулетбаев, Мұхамед Даулетбаев, Дильназ Манаубай, Дарья Витьман, Мансұр Амантай. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының және Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен, медальдарымен марапатталды.
Жарыстың өтуіне жан-жақты қолдау білдіріп, жағдай жасаған Көктерек негізгі мектебінің директоры Мұрат Темірбекұлы Тұрағұловқа алғысымызды білдіреміз.
Рысбай Үмбетов, турнирінің аға төрешісі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31