20 қазан – аспазшылар күні!
Ас адамның арқауы
Аспаз – күнделікті ас әзірлеумен айналысатын мамандық иесі екенін білгенімізбен, оның қоғамда алар орыны мен еңбегі жайында көп айтыла бермейді.
Ас адамның арқауы – деген нақыл сөздің-ақ астарында қаншама ой тұнып тұрғаны белгілі. Осы орайда 20 қазан – дүниежүзілік аспазшылар күніне орай біз сіздерді өз мамандықтарының майталмандары, асхана төрінде 10 және 20 жылдық еңбек өтілдері бар аспазшылармен таныстырып, олардың орасаң зор еңбектері жайында айтқымыз келеді.
Сондай қарапайым еңбек адамының бірі – Людмила Закарлюкина, Гүлбике Науанова, Гүлжан Тажибаева. Аспазшылардың бірі 10 ендігісі 20 жылға жуық уақыт аспазшы болып жұмыс істеп келеді. Бүгінде олар аудандық «Балауса» балабақшасында тәрбие алып жүрген 140 баланы құнарлы әрі пайдалы ас мәзірімен қамтамасыз етіп келеді. Кішіпейіл, көпшіл аспазшылар осы уақыт ішінде ата-аналар мен басшылық тарапынан сөгіс алып көрмепті. Бұл да болса еңбектерінің жемісі деп білеміз. Таңның атысы, күннің батысы балабақша асханасынан табылады. Ертемен келіп, күнделікті қоймашы, диета мейірбикесінің белгілеп берген ас мәзірін балалар жиналғанша даярлап, таңғы, түскі, бесінді астарын уақытында таратып отырады. Өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтын ұйымшыл ұжым жыл сайын аспаздық саласы бойынша білімдерін де толықтырып отырады екен. Бүгінде Людмила Ивановна мен Гүлбике Мұхамбетқалиқызы бесінші разрядты қорғап отыр, ал, әріптестері Гүлжан Жұмабекқызы үшінші разрядтағы аспазшы. Асхананың ыдыс-аяғының тазалығына жауап беретін көмекші Шолпан Басанова да өзіне жүктелген міндетке бей-жай қарамайды.
– Біздің жұмысымыз тікелей санитарлық-гигиеналық тазалықты сақтау, құнарлы әрі санитарлы нормаларға сай ас әзірлеу. Сондықтан өзіміздің жұмысымызды абыроймен атқарып келеміз – дейді, асхана қызметкерлері.
Қоғамға пайдасы зор, қашанда сұранысқа ие мамандықтың бірі болып қала беретін аспаздық саласы екеніне ешкім шүбә келтіре қоймас. Аталмыш мамандық иелері заман талабына сай бизнес саласында да ерекше орын алуда. Біз де бүгінгі маман иелерін дүнедүзілік аспазшылар күнімен құттықтаймыз!
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31