Ұлық мереке аталып өтті
Қасиетті Құрбан айт мейрамы – ең ұлық мерекелердің бірі
Барша мұсылман халқы осы қасиетті мерекені барынша сән-салтанатымен атап өтуге тырысады.
11 тамыз күні Меңдіқара аудандық Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешітінде аудан жұртшылығы асыл дініміздегі айтулы мереке – Құрбан айт мерекесін атап өтті.Айттың алғашқы күнінде қасиетті мерекеге орай мешіттің бас имамы Еркебұлан Қошан айт намазын оқыды. Бұл күнде мешіт ғимаратында жақсы уағыз-насихаттар, ізгі тілектер айтылып жатты. Құрбандыққа шалынған қара мал және үш қойдың еті мұқтаж жандарға таратылды.
Ағайын арасын жақындастырған, барша мұсылманның асыға күтетін мейрамында мешіт төрінен ақ дастархан жайылды. Боровской селосының әкімі Серік Мусапиров жамағатқа ақ тілегін айтып, құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Қасиетті мереке күні жамағат мәре-сәре болып, ерекше ықыласқа бөленді.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31