Қостайға-140 жыл!
Жүлде құтты болсын!
Өткен аптада облыс орталығы Қостанай қаласының 140 жылдық мерейтойына орай Қостанай қаласында үлкен мерекелік іс-шара өткен болатын. Осыған орай облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Алтын аймақ – Қостанайым» атты шығармашылық байқауын жариялаған болатын. Байқауға біздің ауданымыздың атынан Жансая Есетова қатысып, шығармалар номинациясы бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды. Мерекелік салтанатты жиында Жансаяға жеңімпаз дипломы және «Сулпак» сауда орталығының сыйлық картасы мен қоса ақшалай сыйлық табысталды. Біз жерлесімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілеп, қаламың қашанда ұшқыр болып, биіктерден көріне бер демекпіз.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров