Ата Заң құрдастары
Ануар мен Дамира үшін қос мереке
30 тамыз, дәл осы күні 1995 жылы республикалық референдумда елдің басты Ата Заңы қабылданды.
Бұл күн Ануар мен Дамира Смаиловтар үшін қос мереке. Өйткені олар Ата Заң күнімен құрдас жандар.
Ануар мен Дамира Меңдіқара ауданының тумалары, екеуі де білімді, еңбекке құштар. Қолдарына диплом алған күннен туған жердің төсінде еңбек етіп келеді. Отағасы аудандық білім бөлімінің спорт саласы бойынша әдіскері. Ал, жолдасы Дамира «Жас Әлем» балабақшасының тәрбиешісі. Өз қызметтеріне сүйіспеншілікпен әрі зор жауапкершілікпен қарайтын жастардын алар асуы әлі алда. Бүгінде жас отбасында Нұрсая, Әмірхан есімді бүлдіршіндер ата-анасының көз қуанышы болып өсіп келеді.
-Тәуелсіздік пен Конституцияны егіз ұғым деп білеміз. Осы Ата Заңымыз бен Егемендігіміздің арқасында еліміз өсіп-өркендеп келеді. Елімізде әсіресе жастарға мол мүмкіндіктер қарастырылып, жан-жақты дамуына жағдай жасалып отыр. Бұл мерекесінің біз үшін алар орны ерекше, біріншіден біз аталмыш күн бекітілен жылы дүниеге келген болсақ, енді жыл сайын бірге туған күнімізді тойлап келеміз. Былтырғы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында баспаналы болдық. Биылғы жыл Елбасымыздың жарлығымен «Жастар жылы» болып бекітілгенін де айта кеткіміз келеді ал, біздің отбасымыз үшін бұл жыл тіптен ерекеше болғалы тұр. Тұңғышымыз мектеп табалдырығын аттағалы отыр, ұлымыз Әмірхан алғаш рет балабақшаға барады. Барша меңдіқаралықтарды келе жатқан атаулы мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз. Еліміздің өркен жайып, алға басуына баршамыз үлес қосайық, – дейді жастар.
Біз де туған жердің түлектері, еліміздің жас шаңырағы бола білген Ануар мен Дамираға сәттілік тіледік!
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31