Өңірімізде латын қарпін қолдана отырып диктант жазу шарасы өтті
«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында Меңдіқара ауданының аумағында 2019 жылдың 10 қыркүйегінде латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес Республика азаматтарының латын графикасына негізделген жаңа жазудың емле ережелерін меңгеру мақсатында жаңа қазақ әліпбиімен сауатты жазуға үйрету.
Жалпықазақстандық ашық диктантты жазуға ауданымыздың жастар ұйымының өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, студенттер және оқушыларжалпы саны 97 адам қатысты.
Әлия Байтемірова,
аудандық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31