Аудандық орталық аурухана ұжымы жастармен толықты
Соңғы жылдары Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен медицина қызметкерлерінің жалақысы бірнеше мәртеге көтеріліп, әсіресе жас мамандар үшін тұрғын үй мәселесі де оңтайландырылып отыр.
Оларға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында баспана беріліп, көтерме жәрдемақы да төленіп келеді. Осы орайда ауылдық ауруханаларға жұмысқа ораналасушы жастардың да қатары көбейіп, кадр тапшылығы мәселесі де өз шешімін табу үстінде.
Биылғы жылы біздің Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы да бірқатар жас дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлермен толығуда. Атап айтсақ жас дәрігерлердің қатарында Қарағанды және Астана қалаларының жоғары медициналық оқу орындарын бітіріп келген дәрігерлер де бар.
Альмира Жанбырбаева мен Антон Шымановский Қарағанды медициналық университетінің түлектері. Альмира мамандығы бойынша педиатр дәрігер. Антон жалпы тәжірибелік дәрігер. Сұранысқа ие мамандық иесі жас терапевт Жәнібек Джетмековте аудандық аурухананың табалдырығын аттап отыр. Жәнібек Астана медициналық университетін тәмамдаған жас дәрігер. Қалалық жерден аудан орталығына ат бастарын тіреген мамандар алғашқы жұмыс орындарына да орналасып, дерттеріне шипа іздеп алдарына келіп жатқан халықты қабылдап, өз жұмыстырына тиянақты кірісіп те кеткен көрінеді.
Сондай-ақ, орта медициналық қызметкерлердің қатары биылғы жылы үш бірдей маманмен толығып отыр. Ғазиза Сағындықова, Атыхамжан Улходжаев, Сандуғаш Жанзакова да аудандық аурухананың жас қызметкерлері.
– Ұжымға енді келген жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр. Дәрігерлер Антон Шимановский мен Жәнібек Джетмеков облыстық денсаулық сақтау басқармасының жәрдемақысына ие болды. Жалпы жаңадан келіп жатқан қызметкерлер қызметтік баспанамен қамтылған. Алдағы жылған «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жеке өз баспаналарын алатын болады. Ол үшін бүгіннен бастап құжаттарын жинақтап, тиісті мемлекеттік орындарға тапсырып жатырмыз – дейді, орталық аурухана басшылығы.
– Мен, Қостанай ауданына қарасты Мичурин елді мекенінің тумасымын. Сол жерден орта мектепті аяқтап, Қарағанды медициналық университетіне оқуға түстім. Жеті жыл оқуды грантпен оқып бітірдім. Алдыма жұмыс орынын таңдау мәселесі келгенде еш ойланбастан Меңдіқара ауданына жол тарттық. Алғашқы жұмыс орным мен әріптестерім мені жылы қабылдады. Әлі де тәжірибедегі білмегенімді тәлімгерлерім үйретіп, көмек беруге дайын. Аурухана басшылығы біздерді қызметтік пәтерменен қамтамасыз етті. Отбасылы болғаныммен балаларымызды балабақшаға орналастыру да оң шешімін тауып жатыр. Жолдасым әскери қызметтегі адам болғанымен Меңдіқара ауданына қоныс аударуымызды бір ауыздан қолдады. Ауданның табиғаты, саф ауасы мен ауыз суының сапасы өте тамаша екен. Келесі жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болып, осы ауданда тұрақтап қалуды жоспарлап отырмыз-дейді, жас дәрігер Альмира.
Ауданымызға қадам басқан жастарға тек сәттілік тілеп, медицина саласына жаңа леп беретін мамандар көбие берсін демекпіз!
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31