Бейне конференц байланысы режимінде Тіл жанашырлары ашық талқылауға ат салысты
Қазақстан Республикасы Президентінің латын негізді қазақ тілі әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына сәйкес Республикалық ашық талқылау өткізілген болатын.
Аталған іс-шара облысымызда бейне конференц байланысы режимінде қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 14 ақпан күні өткізілді. Ашық талқылауға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, білім бөлімінің өкілдері, Тіл жаңашырлары, оқу орындарының тіл мамандары мен оқытушылары, Тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысты. Біздің ауданымыздың атынан да бір топ тіл жанашырлары тікелей эфирді бақылап өз ойларын ортаға слуға мүмкіндік алды. Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша республикалық ашық талқылау өткізудің кіріспе сөзімен Қостанай облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинова ашты.
Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің А (акут) нұсқасымен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Жанна Темірболатқызы Жарасбаева таныстырды. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің Ә (умлаут) нұсқасымен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Айнұр Нұрбекова таныстырды. Сөз кезегінде Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің аралас (кирил-умлаут) нұсқасын «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, филология магистрі Айнұр Миркемелова таныстырды.
Әр нұсқаны таныстырудан соң талқылау кезеңінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Қалқаман Жақып, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Алмасбек Әбсадық, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, ф.ғ.к. Гүлжанат Жүрсіналина, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты филология департаментінің директоры, ф.ғ.к. Қарлығаш Нұрмұхаметова, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі, доцент Ардақ Абдуллина әліпби жобаларына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31