Заң талаптары сақталмағандығы анықталды
Аталмыш рейдке «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен ерікті жастардан құралған топ, БАҚ өкілдері ат салысты.
Облыс әкімдігінің хаттамасына сәйкес, көрнекі ақпарат құралдарының тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеріп, ақпарат беру мақсатында аудандық тілдерді дамыту бөлімі Боровской және Первомай ауылдарының дүкендері мен сауда нүктелеріне рейд жүргізді. Жұмыс барысында аудан орталығында орналасқан бірқатар дүкендердің көрнекілік тақталарында заң талаптары сақталмағандығы анықталып, оларға әдістемелік көмек көрсетілді.
Іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады – дейді, тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әлия Байтемірова. Бүгінгі рейд барысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңының 21-бабында айтылғандай көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: мемлекеттік тілде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде – оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады – деген мәтіндегі ақпараттық парақшалар таратылды.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31