Тәуелсіздіктің символы- мемлекеттік рәміздер!
1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн.
Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері-Туы, Елтаңбасы, Әнұраны-дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.
Мемлекеттік рәміздер-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығының белгісі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік Туы, Елтаңба мен Гимні – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді. Еліміздің Әнұранын білмейтін жан кемде-кем, ол дегеніміз отанға, туған елге деген шынайы махаббат пен сүйіспеншіліктің көрінісі десек қателеспейміз.
– Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленеді.
Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе Конституциялық заңда белгіленеді. Бұл мемлекеттік рәміздерге биік мәртебе береді, сондықтан да рәміздерді қастерлеу біздің парызымыз.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу еліміздегі азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Біздер де осы орайда балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелейміз, – дейді Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясының жас мамандары Жұлдыз Мергенова мен Еркебұлан Шынтеміров.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31