Қыстың қамын жаз ойл
«Көктемнің бір күні – жылға азық» – дейді дана халқымыз.
Жаз бастала дала алқабы мен орманды аралап жидек теріп, тосап жасап енді бірі оны саудалап қаржы табуды да қолға алатын шақ та келіп жетті.
Биылғы жылы бүлдіргеннің 5 литрін 3 мың теңге, 10 литрін 5 мың теңгеге сатып алуға болады. Әрине, бүлдірген саудалаушылардан бүлдіргеннің ірі әрі қызылын немесе ұсақ, әлі пісіп жетілмегенін де байқауға болады. Бұл енді сатып алушының өз еркінде. Осындай ауыр еңбекпен айналысу, біреулер үшін жеміс-жидектің маусымында жыл сайынғы қаржы табу көзі. Олардың бір сөзбен айтқанда жыл сайынғы тұрақты клиенттері де бар.
Ал, жеміс-жидекті қыстың күні дәрумен ретінде пайдаланып, тосап қайнатып өз отбасы үшін теретін жандар да баршылық. Жангелді ауылының тұрғындары Жұмагүл Қалиева мен Жазира Найманбаева жыл сайын отбасыларымен жидек теретін жандар. Биыл жаңбырдың аздығы мен күннің салқындығы бүлдіргеннің етек алуына көп кедергісін келтіріп тұр дейді, – олар. Бүлдіргеннің өзінің шығатын алқаптары бар, биыл сол орындарды түгел аралап шықтық дегенменен өнім аздау. Біз жыл сайын үлкен отбасы болғандықтан қысқыға деп тек бүлдіргеннің өзінен 20-30 литр тосап қайнатып, сақтаймыз. Әзірге тек 10 литрдей ғана бүлдірген жинап үлгердік, – дейді олар. Қыстың қамын жаз ойла дегендей сіздер де жидек теріп, тосап қайнатып үлгердіңіздерме?!
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31