Білім мен дарынды ұштастыра білген оқушылар жеңіске жетті
Ағымдағы жылдың жиырма екісі мен жиырма алтыншы ақпан аралығында тоғызыншы және он бірінші сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті
Жыл сайынғы өтетін дарынды балалар олимпиадасына біздің де ауданның балалары қатысып, кім мықтыны анықтады. Үш кезеңнен тұрған білім бәйгесіне қатысқан оқушылар өздерінің білімдері мен бақтарын сынап, үлкен жетсітіктерге қол жеткізді.
Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының он бірінші сынып оқушысы білім бәйгесінде өз бағын сынап бірінші орынға қол жеткізсе, аталмыш мектептің тоғызыншы сынып оқушысы Зейнеп Дүйсенова үшінші орынды өз қанжығасына байлады. Ахметқазы Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының оқушысы Милана Педан республикалық сайыста жақсы жетістігімен екінші орынды иеленді.
-Жыл сайынғы өткізілетін білім додасында өз білімімді сынадым. Бірінші орынға қол жеткізгеніме өте қуаныштымын. Үлкен еңбектің арқасында келген жеңіс деп білемін. Болашағыма мол сеніммен жетелген, білім нәрімен сусындатқан ұстазым Эльмира Еркінбайқызына үлкен алғысымды, ризашылығымды білдіремін. Алдағы күнде де маған сенім білдірген ұстаздарым мен жақындарымның үмітін ақтауға тырысамын,- дейді Гүлдана Кәкімжанова.
Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімде ғана. Жас ұрпаққа білім беріп, жеңіске жетелеген ұстаздар қауымы мен жеңіске қол жеткізген жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31