Тіл мамандары мекеме қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізді
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақ әліпбиін латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру мәселесі талқыланды
Осыған байланысты Меңдіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының мұғалімі Анар Хасенова жетілдірілген жаңа қазақ әліпбиі бойынша ақпаратты – түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Юбилейный» мәдениет үйінің және Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен «Латын негізді қазақ әліпбиі бойынша ғалымдардың ой-пікірі» атты дөңгелек үстел өткізді. Тіл маманы іс-шара қатысушыларына тың ақпараттар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш іс-шарада дөңгелек үстел қатысушыларына латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы таныстырылды. Жетілдірілген жаңа қазақ әліпбиінің құрамы және ондағы диакритикалық белгілер арқылы жазылатын әріптердің ерекшеліктері таныстырылды. Қатысушылар латын әліпбиіндегі әріп таңбалары туралы ақпараттар алып, латын әліпбиі негізінде қызықты тапсырмалар орындады. Көкейтесті сұрақтарға жауап алып, өз көзқарастарын білдірді.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31