Өз ісінің майталман шеберіне айналған Нұргүл Утеулина жайында
Бұл кейіпкер шыдамдылық пен табандылықты өмірлік ұстанымым деп қабылдаған
«Білім-ырыстың тізгіні» деген қағиданы жанына серік еткен, жүрек түкпіріндегі білім, ақыл, талап сынды асыл қасиеттерінің арқасында 25 жыл бір ұжымды басқарып, мектеп абыройын асқақтатып, халықаралық деңгейге танымал етіп көтерген Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының директоры – Утеулина Нұргүл Жұмаділқызы. 1960 жылы дүниеге келіп, 1982 жылы Қостанай педагогикалық институты биология пәні мұғалімі мамандығын тәмәмдады.
Ол үнемі тарихта ашылар болашақтың парағында алға жылжып, дамып, өсіп отыруды көздейтін, өмір тоқтағанға дейін ізденісін тоқтатпайтын, өзгелер қолдау үшін әркез шынайы бола білетін, өзінің демократиялық басқару стилімен, басшылық етіп отырған ұжымға деген қатынасымен, біліктілігімен, табандылығымен ерекшеленіп келеді. Осы қасиеттерінің арқасында болар, іргетасы бастауыш болып қырық бала, төрт мұғаліммен қаланған мектеп бүгінгі таңда үш жүз бала мен елуге жуық ұстазбен толығуда. Әркез дұрыс тәсіл, адамдардың қызметіне жақсы баға бере отырып, олардың кәсіптік міндеттеріне қатысты талапшылдығы, сондай-ақ мұғалімдердің шығармашылық бастамасын қолдауға мүмкіндік беретін әділ басшы мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі, мұғалім үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау мәселесі бойынша өзара әрекеттестігіне зор көңіл бөледі.
Жыл сайын аудан облыс әкімінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздары мен алғыс хаттарымен марапатталады. Қазіргі таңда өзекті мәселе болып отырған қашықтықтан оқу аясында республикалық «Ұстаз тілегі» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдасырған «Үздік вебинар-2020» байқауына қатысып алғыс хатпен, Республикалық «Үздік бейне сабақ» байқауынан 300 мың ұстаздардың арасынан топ жарып жеңімпаз болып марапатталды. Республикалық және халықаралық деңгейлердегі ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларының ұйымдастырушысы әрі қатысушысы.
Он ғылыми мақаланың, екі оқу-әдістемелік құралдың және әдістемелік материалдарының, екі электрондық жинақтың авторы. «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Астана 20 жылдығы» медалінің, «Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 жылдығы» төсбелгісінің иегері. Өз пәніне адал берілген басшы осы жылдың қаңтар айында өткен халықаралық биология пәні мұғалімдері олимпиадасына қатысып жүлделі 1орынды иеленді.
«Кез келген істе мақсат – көшке ілесу емес, мақсат – сол көшті бастай білу»,-деп айтқандай Нұргүл Жұмаділқызы мемлекеттік және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтап, риясыз қызмет атқарып келе жатқан басшы.
Ғаббас Жұмабаев атындағы
мектеп-гимназияның ұжымы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31