Өңірімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізілуде
Ағымдағы жылғы 20 сәуірден 29 сәуір аралығында Меңдіқара ауданы әкімдігі тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелердің арасында «Memlekettık tıl – menıñ mekememde» аудандық сайысы қашықтан өткізілді
Сайысқа қатысуға жеті мекемеден өтінім түсті. Мемлекеттік мекемелер арасында өткізілген сайыста мекемелердің қызметкерлері қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, ұлттық құңдылықтарымызды насихаттады. Сайыс ережесіне сай мекемелер үш кезең бойынша бақ сынады. Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан аудандық доданың биыл форматы біршама өзгерді.
Алғашқы кезеңде жеті мекеме қызметкерлері «QUIZIZZ» бағдарламасы арқылы мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында тапсырмалар мен тест жұмыстарын орындады. Екінші кезең бойынша сайысқа қатысушы мекемелердің қызметкерлері «ZOOM» платформасы арқылы Жетілдірілген қазақ әліпбиінде «Memlekettık tıl – menıñ tılım» тақырыбында диктант жазды. Үшінші кезеңде әр мекеме ұжымы «Біз қазақша сөйлейміз» тақырыбында бейнероликтер әзірледі. Қ
азылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжі, екінші орынды Первомай жалпы білім беретін мектебі, үшінші орынды «Балауса» бөбекжай-балабақшасы және Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Балалар кітапханасы тең бөлісті. Сайысқа қатысқан мекемелер Аудан әкімі орынбасарының грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Гүлзира Балабаева
Тілдерді оқыту
орталығының мұғалімі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31