Оқушылар үлкен тартыста жақсы нәтиже көрсете білді
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы – халқымыздың еңбегімен жеткен жетістігі. Еліміз аңсаған Тәуелсіздігімізге биылғы жылы 30 жыл
Тарихы терең Тәуелсіздігімздің 30 жылдық мерейіне арналып ауданымзда түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Өткен аптада Ұзынағаш ауылы да, футболдан аймақтық шағын турнир өткізді.
Турнирге барлығы бес команда қатысып, өз ара бақтарын сынады. Спортттық шара басталмас бұрын ауылдың асыл қариялары спортшыларға сәттілік тілеп, ақ баталарын берді. Аталмыш шараның өтуіне мұрындық болып, көпке үлгі бола білген Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал жалпы білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Берік Бекмағамбетов жиылған жұртшылықты Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтай отырып, үлкен шараның өтуіне қолдау білдірген ел ағалары мен спорт жанашырларына үлкен алғыс, шексіз ризашылығын білдірді.
-Бүгінгі күні жастар арасында спортты насихаттап және тарихы тереңде жатқан Тәуелсіздіктің мерейлі 30 жылдығына орай ауылымызда футболдан турнир өткізгенді жөн санадық. Ел ағаларының арқасында, жанашыр демеушілердің арқасында турнир ұйымдастырылып, жастарымз аса құлшыныспен ойынға кірісті. Осындай мүмкіндік беріп, турнирдің өтілуіне қол үшін берген барша қолдаушыларға шексіз ризашылығмыды білдіремін. Алдағы күндерде осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген ниетіміді білдіремін,- деді спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы Берік Бекмағамбетов.
Аудандық Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Тұрсынай Дүйсембаева халық алдында сөз алып, шараның ұйымдастырушысы Берік Мәрденұлына Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Мәрлен Сандыбековтың атынан Алғыс хат табыстады.
Күн райының қолайсыздығына қарамай, командалар намысты қолдан жібермеуге тырысты. Ойын өте тартысты және қызықты өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шағын футболдан аймақтық жарыста «Үздік» қақпашы Байтұрсын Қаратай атанды. «Үздік» қорғаушы Нұралы Абдрашев атанса, «Үздік» шабуылшы атағын Ұлан Қуаныш иелік етті.
Талай жыл спорт саласында аянбай еңбек етіп жүрген ардагер спортшыларымыздың да еңбектері бағаланып, бұл күнде марапатқа ие болды.
Қаратал жалпы білім беретін мектебі жақсы нәтижеге қол жеткізіп, бірінші орынға қол жеткізсе, екінші орын Ломонос жалпы білім беретін мектептің оқушыларына бұйырды. Үшінші орын Көктерек негізгі орта мектебі оқушыларының қоржынынан көрінді.
Спорттық жарыстан тамаша әсерге бөленіп, жеңіске қол жеткізген спортшылар ұйымдастырушыларға дән ризашылықтарын білдіріп, тамаша көңілмен тарқасты.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31