Абзал жандар кішкентай Томириске ең алғаш сыйлығын тарту етті
Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры. Баланың өмірге келуі қашанда ата-ана үшін үлкен қуаныш
Харьков ауылының тұрғындары Юлия мен Аманкелді Нуриннің отбасы үшін наурыз айы қуанышқа толы ай болды. Бұрымдылары дүние есігін ашып, жас отбасының мерейі еселене түсті.
Наурыз мерекесі, Амал мерекесі қарсаңында жас ана Юлия мен дүние есігін енді ашқан кішкентай қыздары Томирис аудандық перзентханадан шығып, үйлеріне қайтты.
Шығару салтанатына аудандық орталық аурухананың ұжымы қатысты. Салтанатпен өткен іс-шараға емхана меңгерушісі Ирина Блохина қатысты. Қуанышқа кенеліп, екінші рет ата-ана атанған Амангелді мен Юлияны мерейлі қуаныштарымен құттықтап, жас нәрестеге аурухана ұжымы атынан естелік сыйлық тарту етті.
– Салтанатты жиынға қатысып, аналардың қуанышын сезінудің өзі бір бақыт. Нуриндер жанұясын шын жүректен құттықтаймыз. Біздің мақсатымыз – жас аналарға,балалы отбасыларға қолдау көрсету. Осы мақсатта бүгін осы шараға қатысып, сый-сияпатымызды беріп, ақ тілегімізді айтып жатырмыз. Кішкентай нәрестенің бауы берік, дені сау болсын,- деді емхана меңгерушісі.
Аурухана ұжымының бар мақсаты – жас отбасыларға қолдау көрсету. Осы орайда Юлия мен кішкентай Томириске ақ халаттылар үлкен қуаныш, ұмытылмас сәт сыйлады.
Бізде өз атымыздан ақ халатты – абзал жандардың ақ жарма тілегіне қосылып, кішкентай бүлдіршіннің бауы берік болсын дейміз.
Тұрсынай Мұхтарқызы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31