Адал еңбегімен еленген жан
Біздің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп –гимназиясы тағы да бір тағлымды шара өткізіп, жастарға үлгі бола білді
1981 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі өмірін ұстаздық жолдағы білім деген күреспен өткізіп, сол жолда ешқашан жеңілмеген, сөнбеген, мықтылармен тереземіз тең болып теңесіп келе жатқан ұстаз Злиха Ғиссақызының 60 жасқа толу құрметіне орай ұйымдастырылған ашық шара арнайы шақырылған қонақтармен, 2002, 2011 жылғы түлектермен толықты. 1977 жылы Алматыдағы қыздар педагогикалық институтына түсіп, 1981 жылы аяқтап, 1985 жылдар аралығында Амангелдідегі техникалық училищесінде тарих пәні мұғалімі болып қызмет атқарып, қазіргі таңда Меңдіқара өлкесінде жас ұрпаққа білім беру жолында тұғырлы жеңістерді бағындыра білген біздің кейіпкерімізбен «Тарих беттері» , «Суреттер сөйлейді» деген айдар барасында жылдарды сөйлетіп, болашақты болжата білдік.
Талай мәрте Құрмет грамотасының иегері атанса да ешқашан масайрамаған, менменсіп көкірегін кермеген, қашан болсын даналығымен қасыңнан табылатын жанға мектеп ұжымы түрлі шығармашылық қабілеттерімен тосын сыйларын тарту етті. Аудан мектептерінен келген тарихшылармен де орта толды. Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірініш орынбасары Алла Тишбаева, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлбарам Каленова Злиха Ғиссақызын алғыс хаттарымен марапаттады. Осындай ұлағатты ұстазға қандай құрмет көрсетсекте артық болмас. Еңбегімен елге танылған, өскелең ұрпақтың саналы білімі үшін еңбек етіп келе жатқан ұстаздарымыз аман болсын.
Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Еркінбайқызы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31