Айналасына шуағын шашып, мейірім сыйлаған Әсел Салмағамбетова үшін, бала тәрбиесі басты орында

Қазақ қашанда қызға төрден орын беріп, келінді инабаттың иесі, ананы шаңырақтың киесіне бағалаған

Шаңырақтың берекесін келтіріп, жылулық сыйлайтын да әйел баласы. Бүгінгі таңда әйелдердің қоғамда алар орны ерекше. Әр салада қызмет атқарып, жанұясының ұйытқысына айналған нәзік жандылардың қарасы жетерлік.

Әсел Салмағамбетова да еңбегін адал атқарып, отбасының ұйытқысына айналған жанның бірі. Оның бойынан нағыз қазақ әйеліне тән қасиеттерді көруге болады. Ол ибалы келін, адал жар, үш перзентті өмірге әкелген аяулы ана. Мадияр, Дамир және Назар есімді ұлдары бүгінде аналарының мейіріміне бөленіп өсіп келеді. Ананың мейіріміне бөленіп, әкелерінің дұрыс тәрбиесін алған балалар, балалық шақтың бақытын сезініп өсуде.

-Үш бірдей ер баланың анасы болу оңай емес. Дегенмен, балаларым қолғанаттарыма айналды. Бүгінде ұлдарым мектеп оқушылары. Олардың дұрыс білім алып, ертеңгі күні адамгершлілі мол жан болып өсуі үшін бар жағдайды жасаудамын. Отбасымының тірегі, жолдасым Уәлихан екеуіміз балалардың болашағынан зор үміт күтеміз. Үйімдегі азаматтар мені әрқашан еркелетіп, жан дүниемді түсінуге тырысады. Әйел баласы болғасын отбасыңның берекесін келтіріп, еріңнің жағдайын жасауға тырысасың. Үй тірлігімен қатар, еңбек етуің керек. Жолдасым әркез менің жасаған тірлігімді құрметтеп, қолдау көрсетеді , – дейді үш баланың анасы.

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында кейіпкерімнің шаңырағына ат басын тіреп, әңгіме дүкен құрған сәтте оның отбасы шаттық пен қуанышқа толы екенін аңғардым. Достығы жарасып, махаббатқа ұласқан отбасының бақыты, аналарының мейірімінен екендігін де байқадым. Ерінің қамын жасап, балаларынан сүйіспеншлігін аямаған Әсел, отбасын басты орынға қоятын көрінеді. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қағиданы қатаң ұстанып, жанұясының берекесін келтіріп отыр.

Әсел бала-бақша тәрбиешісі. Еңбегін абыроймен атқарып, бүгінде көптің алғысына да бөленіп үлгерді. Алдына келген балғындардың тілін түсініп, бала жанының бағбанына айналды. Өмірі мен еңбек жолын бала тәрбиесімен ұштастырып, тәлім-тәрбие беруде. Балалармен көптеген жұмыстар атқарып, қоғамдық шараларға да белсене қатысады. Ұжымы мен әріптестері Әсел Темірбайқызының адамгершілік болмысына дән риза. Ізденімпаз, тәжірбиелі және мейірімді тәрбиешіні ата-аналар қауымы да қатты бағалап, құрметтейтін көрінеді.

-Біздің мамандығымыз өмір жолымыз. Аналық мейірімді, ыстық алақанды сезінген бала әркез бақытты. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін тер төгіп, жылулық сыйлауға тырысамын. Әр балаға туған перзентімдей қарап, абыроймен еңбек еткенді жөн санаймын,-дейді Әсел Салмағамбетова.

Абзал ана, адал жар, ұлағатты ұстаз деген атқа менің бүгінгі кейіпкерім әбден лайық нәзік жан. Қажырлы еңбегі мен балаға деген мейірімі бір-бірімен сабақтасып, шаттықа кенеле беріңіз деген ақ тілегімді білдіремін.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

1 неделя ago

Власти и жители Мендыкаринского района в борьбе по недопущению паводка

Совместными усилиями проводится работа по вывозу снега, расчистке улиц и отвода воды от жилых домов.…

1 неделя ago

Елена Карповна Ткаченко, из Мендыкары в свои 96 лет не упускает возможность сделать свой выбор во благо будущего страны

В Мендыкаринском районе Елена Карповна личность известная 96-летняя мендыкаринка оставила большой след в истории района.…

2 недели ago

В Боровской школе-гимназии им.Г.Жумабаева имелся факт работы кухонного работника с подозрением на туберкулез

Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…

3 недели ago

Для паводковых мероприятий из местного бюджета Мендыкаринского района в 2026 году выделено около пяти миллионов тенге

Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.