
Қайырымдылық пен қамқорлық
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық бағытындағы іс-шаралырының бірі «Мектепке жол» акциясы. Ағымдағы аптада Меңдіқара аудандық Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешітінде жалғасын тапты.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биылғы жылы 10 отбасыны қамтыды. Бір балаға төрт мың бес жүз теңге көлемінде қажетті оқу құралдары табыс етілді.
Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешітінің бас имамы Еркебұлан Жаңбырбайұлы білім жолындағы бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ, бұл қайырымдылық шарасы білімге жасалып отырған қолдау екенін атап өтті.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров