Алғашқы қоңырау сыңғыры
Өткен аптаның жексенбісі еліміздің барлық мектептерінде 1 қыркүйек мерекесіне орай алғашқы қоңырау соғылды
Біздің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясының табалдырығын биылғы оқу жылында 38 бүлдіршін аттап отыр. Салтанатты жиынға арнайы ат салысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Құрманғазы Садуақасов мектеп ұжымы мен оқушыларды, барша ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді. Құттықтау сөз кезегінде мектеп гимназиясының директоры Нұргүл Утеулина мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған балаларды жылы қарсы алып, ұстаздық тілегін жеткізді. Сондай-ақ, мектеп ұжымы мен ата-аналарға жаңа оқу жылында тек жеңісті, жемісті сәттер тіледі.
Бұл күні 1 сынып оқушылары арнайы даярлаған мерекелік ән мен тақпақтарын тарту етсе, алғашқы ұстаздары оқушыларының алдағы уақытта тәрбиелі, озат оқушы болатындарына сенім артатындықтарын білдіріп, сәт сапар тіледі. Ата-аналар атынан құттықтау сөз білім үздігі, ардагер ұстаз Қуаныш Сәуекеноваға берілді. Қуаныш апай мереке күні барша жиылған қауымға ақ батасын арнады.
Мерекенің басты символы алғашқы қоңырауды соғу рәсімі 11 сыныптың озат оқушылары Гүлдана Кадырбаева мен Сағдат Жадыраға және 1 сыныптың оқушылары Винура Серикбай мен Нурали Сексенбаевқа ұсынылыды.
Алғашқы қоңырау үнінен соң барша оқушылар «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ кепілі» тақырыбындағы алғашқы сынып сағатына жол тартты.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31