«Алтын жастар» – анықталды
Жастар жылын қорытындылаған форум
Қорытынды жиыны облыс орталығында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында Қостанай облысының Алтын кітабына есімдері енген жастар марапатталды.
Тұңғыш Президент күніне орай өткен аталмыш форумға біздің ауданымыздан аудан әкімінің орынбасары Құрманғазы Садуақасов, Жастар ресурстық орталығының директоры Алена Дикая бастаған белседі жастар мен ауданымыздың мақтаныштары ат салысты.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жиын барысында салтанатты түрде спорт, мәдение және өнер, жеке кәсіпкерлікте, сондай-ақ, облысымыздың атын шет елдерге танытып жүрген жалынды жастарды салтанатты түрде марапаттады. Біздің ауданымыздың жастарының қатарынан «Денсаулық саласына қосқан үлесі үшін» М.Қарабаев атындағы Қостанай облыстық оңалту орталығының фтизиатр дәрігері Батырхан Ысмайыловтың есімі облыстық «Алтын кітапқа» енді.
Жалынды жастар форумына ат салысқан ауданымыздың делегат мүшелері жақсы мерекелік кешке куә болып, алға қойған мақсаттарына зор сенім танытып қайтты.
Өз тілшімізден
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31