Қарттарым – асыл қазынам
Міне, осы тақырыпта қыркүйек айының 30 күні аудандық орталық кітапханада асыл қазыналы қарияларымыздың мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті
Қарттар күні – аға ұрпақтың қоғам үлесіне қосқан үлесіне ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше мейірімге толы күн. Мейірімге толы қарияларымыздың мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға ауданымыздың ақ жаулықты апалары мен ақ сақалды қариялары жиналды. Мерекелік шараға бейнеттің зейнетін көріп отырған, даналықтың кілтіне айналған қарияларымыз зор қуанышпен қатысты.
Асылдарымыздың құрметіне ұйымдастырылған шарада қарттарымыздың мағыналы әңгімелері мен жас ұрпаққа деген ақ тілектері айтылып жатты. Қарттарымыз көтеріңкі көңіл-күймен ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын, ризашылықтарын білдірді.
Шаңырақтың шаттығын сақтап, елдің берекесі мен жас ұрпақтың ақылшысына айналған қарияларымызға Меңдіқара аудандық Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешітінің бас имамы Еркебұлан Қошан сыйлықтар табыс етіп, ұлық меркемен құттықтады.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31