Аудан орталығында кезекті акция өткізілді
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Нұр Отан» партиясының XX съезінде «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейтілетін болады» деген сөздері тіл саясатының болашақтағы бағыт-бағдарын белгілеп берді
Бұл тұжырым қоғам өмірінің барлық саласына қатысты екені анық. Осы орайда қазақ тілінде қызмет көрсетуді тиісті деңгейде жүзеге асыру мақсатында, аудандық тілдерді оқыту орталығы қызу жұмыс жүргізуде.
Қаңтар айының 11 мен 13 күні аралығында аудандық Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Тілді үйрену оңай» акциясы өтті» Аталмыш акцияға орталық қызметкерлері мен қатар «Жастар» еріктілер тобы ат салысты. Акция барысында ауданымыздың еріктілері белсенділік танытты.
– Аталмыш акцияның берері мол. Тіл үйренемін деген жандарға мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалуда. Акция барысында ақпараттар таратылып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берілді. Алдағы күнде қысқа мерзімді курстар жүргізілетін болады. Бұл тіл үйренемін деген жандарға үлкен мүмкіндік. Ең бастысы үйренсем деген ынта болса болғаны,-дейді орталық басшысы Алмагүл Бірманова.
Акцияда аудан орталығындағы тұрғындарға қызмет көрсету орындары қызметкерлеріне арналған қысқа мерзімді курстар туралы ақпарат беріліп, кәсіпорындар қызметкерлері көкейтесті сұрақтарын қойды. Орталық қызметкерлері қойылған сұрақтарға толықтай жауап берді.
Меңдіқара аудандық тілдерді оқыту орталығы 2021 жылдың 1 ақпанынан мемлекеттік тілді және ағылшын тілін оқытудың қысқа мерзімді курстарын «online» және «offline» режимінде ұйымдастыратын болады.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31