Аудан төрінде «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы бастау алды
Республикалық акцияның мақсаты – оқушыларды оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен балаларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол көлік оқиғаларының алдын алу болды
Акция аясында білім беру ұйымдарында автокөліктің техникалық жай-күйі ғана емес, кірме жолдардың қауіпсіздігі де тексерілді. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған шараға білім беру бөлімі және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ат салысты.
– Республикалық акция былтырғы жылы да өткізілген болатын. Биыл да өз жалғасын тауып отыр. Балалардың қауіпсіздігін назарымызда ұстау біздің ең бірінші адамдық борышымыз. Акцияның мақсаты да осы. Шара барысында көлік құралдарының жағдайы тексеріліп, кішкентай балғындарға жол қауіпсіздігі мәселесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар мен оқушылар әркез қауіпсіздікті сақтана отырып, салғырт қарамауға шақырамыз. Жолда жүру тәртібін білу әрбір оқушы, әрбір адам үшін маңызды,-дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Мейрамбек Темірбеков.
«Қауіпсіз мектеп автобусы» атты акцияның өткізіліуі кезінде балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын көліктің техникалық жай-күйі техникалық байқаудан өткізілуі, қолданыстағы сақтандыру полисінен өту туралы мәліметтер, жүргізушілердің балаларды тасымалдау талаптарына сәйкестігі, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізу журналдары, қауіпсіздік белдіктерінің болуы тексерілді және ақпараттық түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31