Аудан жастары арасында қашықтықта өткен байкау
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар өткізілуде
Ағымдағы жылғы 20 наурыздан 16 сәуір аралығында Меңдіқара ауданы әкімдігі тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген қабілетті аудан жастары арасында «Тіл шебері-2021» аудандық сайысы қашықтан өткізілді. Сайыста үміткерлердің жылдар бойы жинаған тәжірибелері ортаға салынып, білімдері сыналды.
Олар сайыс ережесіне сай екі кезең бойынша тапсырма орындады. Бірінші кезеңде тіл шеберлері берілген тапсырма бойынша эссе жазды. Яғни, олар «Тәуелсіздігімізге 30 жыл» және «Рухани жаңғыру» тақырыптарында және түрлі маңызды басқада тақырыптарда шағын эссе жазды. Мұндағы ең басты шарт – мәтінді мағыналы әрі грамматикалық тұрғыда сауатты жазып беру болды. Сондай-ақ, тіл шеберлері тақырыптың мазмұнын аша білулері қажет болды. Екінші кезеңде мәтінге үш тілде ілеспе аударма жасады.
Сайысқа жеті үміткер қатысты. Осы байқауда олар қазақ тілінің өміршеңдігі мен өзге тілге деген құрметтерін айқын аңғартты. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды «Ломоносов жалпы білім беретін мектебі» ММ ағылшын тілінің мұғалімі Динара Сактапергенова, екінші орынды «Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп – гимназиясы» ММ ағылшын тілінің мұғалімі Әлия Самиғатова, үшінші орынды «Ахметқазы Шотаев атындағы Боровской мектеп – гимназиясы» ММ ағылшын тілінің мұғалімі Қымбат Аманжолова иеленді. Сайыс соңында қатысушылар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
А. Бирманова
Тілдерді оқыту
орталығының басшысы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31