Categories: Новости

Боровской селолық округінде 10 жылдан астам әкім болған Тұрағұлов Төлеген Темірбекұлының дүниеден өткеніне 1 жыл толуына орай

Шіркін, зымырап өткен уақыт-ай. Кеше ғана арамызда жүрген аяулы азамат Тұрағұлов Төлеген Темірбекұлының дүниеден өткеніне бір жыл болып қалыпты ғой. Қасиетті Рамазан айында Төлегенге жатқан жерің жайлы, топырағың тоқа болсын демекпін…

Төлегенмен таныстығымыз, ұмытпасам 2002 жылдың сәуір айының аяқ кезінде болған еді. Таңғы сағат жетілерде малымды өріске айдап шыққан кезім еді. Бақташының қасынан орташа бойлы, толықтау, жүзі жылы жас жігітті көрдім. Амандық-саулықтан кейін өзін село әкімі Төлегенмін деп таныстырды. Біраз әңгімеден кейін, ол көлігіне отырып сай-сала жаққ қарай жүріп кетті. Күнде осы дағдысын қайталайтын. Бірде, реті келіп Төлегенді әңгімеге тарттым.

Күнделікті жұмысыңызды осы өрістен бастайтыныңызға және көлігіңізбен сай-саланы аралап қайтуыңыздың себебі не – дедім, мен.

Иә, ауылда тұрғасын халық күн-көрісі үшін азын-аулақ мал ұстайды. Оның уақытында өріске шығуын, қалай бағылатының өзім көріп қайтпасам мазам кетеді. Сай-саланы аралауымның себебі, мал жайылымы өте тар жағалай егін, кейбір тұрғындар қоқыстарын сай-салаға төгіп кетеді, соны тексеріп кетемін-деді. Осы бір сөзінен-ақ, Төлегеннің халыққа етене жақын, ауылдың тіршілігіне қанық жігіт екенін аңғару қиын емес еді. Қазір, сол мал жайылымы бір қоқыс төгетін полигон дерсің. Есіме Төлегеннің сөздері түсіп көңілім босап, әттең осының бірі сендей азаматтың жоқтығынан болып жатқан жай ғой деген ой келді. Төлеген Темірбекұлының он жылдан астам село әкімі болып сайлануы, халықтың оған деген сенімінің белгісі емес пе. Осы жылдары ауыл көркейе түсті. Көшелерге көшеттер отырғызылып, су бұрқақтар (фонтандар) іске қосылды. Ол кезде қазіргідей село әкімшілігінің өз бюджеті болмайтын. Бірақ сол қиындықтарға қарамай Төлеген өзінің ұйымдастырушылық адамдармен тіл табысу қабілеттерінің арқасында көп нәрсеге қол жеткізді. Өзі сияқты еңбекқор ағалары – Тұрмықанов Жұмағали, Мнайдаров Олжабай, Иманбаев Жағыпар тағы басқаларды жанына жинап ауылды көркейтуге күш салды.

Ауыл шетінен бұрын-соңды болмаған жылыжай салып гүл тұқымдарын егіп, баптап күтуіне қолғабыс етті. Мамыр айында ауданымыз гүлге оранып бір жаңа кейіпке енетін. Тынымсыз еңбектің арқасында ауданымыздың көркі ажарлана түсті. Ауданымыз облыс көлемінде гүлге оранған аудан атағына ие болды. Ол жөнінде облыстық газетбетінде мақала шыққан болатын.

Әрине,  Төлеген жайлы көп айтуға болады. Оның ұлт жандылығы, дінге беріктігі, өзгеге қамқорлығы ол бөлек әңгіме. Осындай қыруар жұмыс атқарған азаматтың еңбегін тірі кезінде дұрыс бағалай алдық па? Әрине, адам қызметті марапат үшін істемейді, оның еңбегін бағалайтын да сынайтын да халық. «Ерім деген елің болмаса, батырлар қайдан шығады» – деген сөз тура Төлегенге айтылғандай. Бір жыл бұрын аудандық газетке Төлеген Темірбекұлын мәңгі есте қалдыру мақсатында селомыздың бір көшесіне Төлегеннің есімін беру жөнінде ұсыныс жасаған едім. Сол ұсыныстан кейін бірқатар іс-шаралар атқарылды. Айта кететін болсақ волейболдан Төлеген атындағы жүлде үшін жарыс, Мәдениет үйінің директоры, талантты өнерпаз Мұрат Нағашыбайдың ұйымдастыруымен облыстық ақындар айтысында Төлеген атындағы жұлде жанұясының атынан берілді. Жеңіс көшесіндегі ауданымызға еңбегі сіңген азаматтардың ескерткіш тақталарының қасынан Төлегеннің бейнесінің қосылуы. Әрине, оғанда шүкіршілік. Бірақ мұның бәрі бір реттік іс-шаралар. Бір ескере кететін жәй Жеңіс көшесіндегі аудан азаматтарының бейнесі ілінген ескерткіш тақталарының ілінуінде хронологиялық рет сақталмаған (туған жылдара бойынша рет-ретімен). Қаладан кірген бойда алдыңғы қатарда үлкен кісілердің бейнесі тұруы керек. Мұнда тұрған ештеңе жоқ, бірақ дұрысы солай болу керек. Тағы айта кететін жай селомызда мән-мағынасы жоқ «Северный», «Восточный», «Ямская», «Рабочий» сияқты Кеңес үкіметінің иісі шығатын Тәуелсіздігімізге көлеңке түсіріп тұрған ауылдар мен көше аттары толып жатыр. Олардың орнына өзіміздің жерлестеріміз Қаратал ауылының тумалары Қоғам қайраткері, Отан соғысының ардагері Салин Мінайдар Сәлімұлы, замандасымыз Төлеген Темірбекұлы Тұрағұлов есімдері берілсе Президентіміздің  «Рухани – жаңғыру» бағдарламасының іс-жүзіне асқан көрінісінің бір белгісі болар еді.

… Төлеген, сен ектіргенқайың, шырша ағаштары биік болып өсіп ауылға көрік беріп тұр. Сен жоқсың. Менің ойымды түсінгендей қайың ағашының жапырақтары «Жоқ, ол тірі… тірі…» -дегендей сыбдыр қағып қоя берді… Расында, ол тірі. Халық оны ұмытқан жоқ, ұмытпайды да.

Асхат Хасенов, зейнеткер

Редактор

Recent Posts

В селе Боровское Мендыкаринского района приступили к строительству новой блочно – модульной котельной

Об этом сообщил руководитель ГКП «Боровское - 2016» Анатолий Каплун, который является заказчиком данного объекта.…

1 день ago

В районном центре Мендыкаринского района за счет бюджетных средств высажено 7 тысяч саженцев петунии

Как и прежде в первую очередь за санитарным состоянием улиц, скверов, парков и прибрежных зон…

3 дня ago

Полным ходом идет строительство трехэтажного жилого дома в микрорайоне «Отан», Мендыкаринского района

Как отметил руководитель ЖКХ Арман Хасенов, согласно проекту дом предназначен на 48 квартир, 30 из…

4 дня ago

В Мендыкаринском районе приступили к дорожным работам раньше намеченного срока

В этом году запланировано произвести работы по укладки асфальта на 13 улицах сел Мендыкаринского района.…

4 дня ago

Тілдері өзге, жүректері бір – Гилязовтар отбасы

Отбасы дегеніміз – ол адамның жылылық пен мейірімге толы киелі бесігі, қасиетті шаңырағы. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.