Демалыс күнінде ауыл азаматтары сенбілікке шықты
Мұсылман баласының сауапты ісі тазалық екендігі белгілі
Сауапты іске қолдау білдіріп, игі бастаманы қолға алған бір топ ауыл азаматтары мен ауыл белсенділері өткен аптаның жексенбі күнінде мұсылман бейіті басында сенбілік жұмыстарын жүргізді.
«Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің бас имамы Еркебұлан Жаңбырбайұлының бастамасын қолдаған ауыл азаматтары қолдарына күрек, тырмаларын алып сауапты іс жасап, алғысқа бөленді. «Өлі разы болмай – тірі байымас» деген ата-бабамыздан келе жатқан салтымыздыы алға тартып, аудандық мешіттің бас имамы қорымда жатқан ата-бабалардың рухына арнап Құран бағыштады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, жақсылардың игі бастамасының арқасында үлкен жұмыс атқарылды. Мешіт имамы сенбілікке атсалысқан жандарға өз алғысын білдіріп, алдағы күнге жақсылық тіледі.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31