Дипломмен – ауылға!

Осы орайда биылғы жылы аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінің ұжымы тағы бір жас маманмен толықты.

Аталмыш бағдарлама ауданымызда үздіксіз іске асып, жоғары оқу орындарын тәмамдап қолдарына дипломдарын алған талапты да талантты жастар өз мамандықтары бойынша тұрақты жұмыс орнына орналасу мүмкіндігіне ие болуда.

Байдос Қожасағиев Жангелді ауданы Шеген ауылының тумасы.  2005 жылы Шеген ауылы  Амангелді орта мектебінің 9 сыныбын аяқтап Арқалық қаласындағы Н.Кұлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің музыка мамандығына оқуға түскен.

Кейін Арқалық қаласының Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының музыка бөлімінде білімін жалғастырған.

Алғашқы еңбек жолын мектеп қабырғасында музыка пәнінің ұстазы ретінде бастаған Байдос, жүрек қалауымен өнер мен мәдениеттің ордасына бет бұрып Жангелді ауданының өнер мектебінде де сабақ беріп,  өнерлі өрендерді  өнерге баулып,  жасөспірімдерден құралған домбырашылар ансамблінің ірге тасын қалаған екен.

Сондай-ақ, Жангелді ауданының  Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде де жұмыс жасап өнер жолындағы жетістіктерге қадам басқан Байдос бүгінгі күні  ауданымыздың мәдениет және өнер саласынын алға басуы жолында еңбек етуге білек сыбана кірісіп те кетті.

-Жас та болса тәжірибе жинақтап, өз ісіне жауапкершілік таныта білген маман қашанда сұранысқа ие екені белгілі. Ауданымыздың мәдениетін өркендетіп, гүлдендіру жолында еңбек етіп жүрген жастардың қатарына қосылып отырған маманымыздан зор үміт күтеміз.

Жұмысқа орналасқан күннен еңбекқорлығымен көзге түсіп, бойындағы талантын таныта білген Байдос Серікбайұлы  бірнеше мәрте байқауларға да қатысып, бағын сынап жүлделі орындарға ие болды. Жұмыс барысында өзін тек жақсы жағынан көрсетуде.

Жоспары айқын, еңбекке деген құлшынысы зор жастардың ауданымызға қадам басуына қуаныштымыз. Алдағы уақытта да  жас мамандардан нәтижелі жұмыс күтеміз- дейді, аудандық мәдениет үйінің директорының  міндетін атқарушы Мұрат Нағашыбай.

Жас маман Байдос «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының қатысушысы,  жас отбасы ауданымызға қоныс аударған күннен бастап бағдарлама аясында құжаттарын дайындап, жуырда қоныс тойын да тойлағалы отыр. Жолдасы Қырмызы мен кішкентай қыздары Жанерке де осы қуанышты күнді асыға күтуде.

– Меңдіқара ауданының  көркем табиғатымен, бауырмал  халқы бір көргеннен бізді өзіне баурап  алды. Осындай тамаша мекенде еңбек ету бір бақыт деп санаймын. Жастарға қолдау білдіріп, баспаналы болуға  мүмкіндік беріп отырған мемлекеттік бағдарламаның орыны ерекше деп айта аламын –дейді, жас маман Байдос.

Алдағы уақытта да ауданымыздың  көркін келтіретін  жастардың қатары  толыға бергей, жас келсе іске деген мамандарға сәттілік!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Глава Мендыкаринского района Габит Бекбаев провел отчетную встречу с населением Первомайского сельского округа и села Боровское

Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…

3 недели ago

С начала года в Мендыкаринском районе зарегистрировано 10 случаев интернет-мошенничества

Общая сумма ущерба, нанесенного мошенниками жителям района за текущий год, превысила 22 миллиона тенге. (далее…)

3 недели ago

Сотрудники полиции Мендыкаринского райлна в рамках ОПМ «Пиротехника»  проводят рейдовые мероприятия по торговым точкам

Данные мероприятия проводятся с целью незаконного оборота пиротехнической продукции на территории Мендыкаринского района. (далее…)

3 недели ago

Меңдіқара аудандық Мансап орталығының жұмыс қорытындысы жайлы сұхбат жүргізген болатынбыз

Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті…

3 недели ago

В селе Тенизовское Мендыкаринского района предстоит большая работа по устранению накопившихся проблем

Отсутствие промышленности, сотрудника почты, пастбищ, малое количество школьников, плачевное состояние дорог - и это далеко…

3 недели ago

This website uses cookies.