«Домбыра-дастан» шағын ансамбльі көрермендер тыңдарман ықыласына бөленді
Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.
Ол – қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен.
Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра қазақтың халық аспабы. Ол қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып саналады. Ендеше осы құнды дүниеміздің қадір қасиетін біліп өсіп келе жатқан ұландарымызды елеп ескеріп отырайық.
Осы мақалама арқау болып отырған Жангелді орта мектебінің «Домбыра – дастан» атты домбыра үйірмесінің мүшелерін атағанды жөн деп санадым.
Аталмыш мектепте жүргізілетін үйірмеге қатысатын оқушылардың саны күн сайын артып келеді.Үйірме жетекшісі Рыскүл Найманбаеваның еңбегі өте зор. Қазіргі компьютердің заманынында домбыра тартуға барынша оқушыларды тартып жүрген ұстаздың ұстанымына ата-аналар да, мектеп ұжымыда ерекше ілтипат білдіруде. Мектепте өткізіліп отыратын мерекелік іс шараларға арнайы әзірленген ән мен күйді тарту етуде.
Құрамында 5-6-7-8-9 сынып оқушылары бар. Олар күй тартып, әнді сүйемелдесе 1 «А» сынып оқушылары кішкентай Айша Шаханова мен Айғаным Жүрсіннің орындауында халық әні «Еркемайды» тыңдаған жұрттың ықыласы ерекше.
Соңынан ізбасарлар ерте білген Рыскүл апайға бізде толағай табыстар тілейміз. Жас домбырашылар Ернар, Диас, Ақжүніс, Маржан, Жанбота, Ербосын, Жанел, Динара, Мәлике, Дилара, Ержан, Арлан есімді оқушыларымыздың болашағынан үлкен үміт күтеміз. Алдағы жылы өткізілетін Алтын Орданың 750 жылдығына байланысты «Ұлы дала әуендері» фестивальіне қатысуға әзірлік бастамақпыз.
Біздің мектептің болашағы өте зор. Өйткені қазақтың ұлттық құндылығы домбыраның қадір қасиетін біліп өсіп келе жатқан болашақ өнерпаздар баршылық. Білім мен өнерді қатар тізгіндеп жүрген жаңашыл ұстаздарымыз бар. Болашақ таланты да дарынды балаларға сәттілік тілеймін.
Мақтанышы болыңдар,
Жыр шыңына қоныңдар.
«Домбыра-дастан» балалары.
Тек беске ғана оқыңдар!
Жұмагүл Қалиева
Жангелді орта мектебінің ұстазы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31