Дзюдошыларымыз жеңіс тұғырында
Жастардың спорт саласына бет бұруына зор үлес қосып жүрген жас маман Айбарша Тулеуованың тәрбиеленушілері тағы да жеңіс тұғырынан көрініп, ауданымыздың намысын облыста қорғап қайтты.
20-22 желтоқсан аралығында өткен Қостанай облысының біріншілігінде 2003-2005 жылдар аралығындағы туған жасөспірімдер арасындағы дзюдо күресіне біздің ауданымыздан үш бірдей спортшы қатысқан болатын.
Олар өз салмақ дәрежелерінде жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орынды қанжығаларына байлады. Лаура Сексенбаева 3 орын, Дильназ Умурзакова 2 орын, Сабина Мурзажанова 2 орынды иемденді. Ендігі кезекте біздің қыздар ақпан айында өтетін Республикалық жарыста бақ сынайтын болады – дейді, жаттықтырушылары Айбарша Қабиденқызы.
Жерлестерімізді кезекті жеңістерімен.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров