Еліміздің гүлденіп, өркендеуінде құрылыс саласының алатын маңызы зор

Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар

Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян.

Құрылысшы – адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандық.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев тамыз айының екiншi жексенбiсiн Қазақстан құрылысшылары күнi – деп жариялаған болатын. Құрлысшы болу әркімнің ақ қолынан келе бермеуі мүмкін, дегенменен жүрек қалауымен атқарылған жұмыс қашанда берекелі. Осы орайда біз Көктерек ауылының тұрғындары, құрылыс саласының майталмандары Дүйсен және Асемгүл Кишкентаевтарға жолығып қайтқан болатынбыз.

Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында аудан орталығында орналасқан он алты пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің қайта жаңарту жұмыстары жүргілуде. Аталмыш нысанды қалыпқа келтіру жұмыстарын «ЭКСПО-ТРАНС» ЖШС-гі мердігерлік ұйымы жүзеге асыруда. Жұмысшылар бригадасын білікті құрылысшы Дүйсен Кишкентаев басқаруда. Жолдасы Асемгүл де ішкі әрлеу жұмыстарының сылақшысы.

Құрылыс нысаны өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып бір жарым ай көлемінде біраз жұмыс атқарғандары да байқалады.

Ерлі-зайыптылар құрылыс саласына сонау 2003 жылдары өз қалауларымен келген екен. Осы жылдар аралығында тәжірибе жинақтап, өз істерінің шеберіне айналған.

– Құрылыс жұмыстарын алғашында Астана қаласынан бастадық, іргетасы жаңа қаланған үйден бастап, күрделі жөндеу жұмыстарын да атқардық. Кейін Қостанай қаласында жаңадан салынған Юбилейный шағын ауданындағы үйлердің құрылысында жұмыс жасадық. Затобол кентіндегі Северный шағын ауданындағы жер үйлердің әрлеу жұмыстарына да ат салыстық. Жалпы құрылыс саласы өте ауыр еңбектің бірі. Оны осы жылдарда сезініп келеміз, дегенменен еңбектің ауыр жеңілі болмайтындай көрінеді. Басында бала-шағаның қамы үшін жұмыс істеуге тура келді, кейін осы салаға әбден бауыр басып үйренісіп қалдық. Бірлесе жұмыс атқарамыз, жеке пәтерлерді де түгел жөндеуге аламыз, дейді- отбасылық жұп Дүйсен мен Асемгүл Кишкентаевтар.

ЭКСПО-ТРАНС» ЖШС-гі мердігерлік ұйымымен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл құрылысшылар отбасы аудан орталығындағы А. Шотаев атындағы орта мектептің де жөндеу жұмыстарына да ат салысқан жандар. Ел өмірінде ерекше орын алатын ғимараттар мен әр отбасына жылулық сыйлайтын баспана қабырғасында ыстық алақандарының ізін қалдырып, адал еңбек етіп жүрген жандарға мың алғыс.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Глава Мендыкаринского района Габит Бекбаев провел отчетную встречу с населением Первомайского сельского округа и села Боровское

Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…

2 недели ago

С начала года в Мендыкаринском районе зарегистрировано 10 случаев интернет-мошенничества

Общая сумма ущерба, нанесенного мошенниками жителям района за текущий год, превысила 22 миллиона тенге. (далее…)

3 недели ago

Сотрудники полиции Мендыкаринского райлна в рамках ОПМ «Пиротехника»  проводят рейдовые мероприятия по торговым точкам

Данные мероприятия проводятся с целью незаконного оборота пиротехнической продукции на территории Мендыкаринского района. (далее…)

3 недели ago

Меңдіқара аудандық Мансап орталығының жұмыс қорытындысы жайлы сұхбат жүргізген болатынбыз

Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті…

3 недели ago

В селе Тенизовское Мендыкаринского района предстоит большая работа по устранению накопившихся проблем

Отсутствие промышленности, сотрудника почты, пастбищ, малое количество школьников, плачевное состояние дорог - и это далеко…

3 недели ago

This website uses cookies.