Игі іске қолдау білдірейік ағайын
Баршаңызды биылғы келіп жеткен қасиетті Рамазан айының айт мерекесімен шың көңілден құттықтаймын
Жаратқан Жаппар йеміз ұстаған оразаларыңызбен рамазан айында берген пітір садақаларыңызды қабыл етсін.Жәнеде мың айдан да қадірлі болған Қадір түні еткен дұға-тілектеріңізді де Жаратқан йеміз қабыл етсін.Алла Тағаламыз осы рамазан айтта әрбір отбасыларға берекеті мен молшылығын үйіп-төгіп берсін деп тілейміз.Жалпы айт мерекесі исі мұсылманға қуаныш сыйлайтын,бейбітшілік пен ынтымаққа үндейтін мұсылманның бірегей мерекесі болып саналатындықтан, еліміздің ынтымақ бірлігі де арта берсін деп тілейміз.
Алла Тағала елімізге тыныштық,жұртымызға амандығын берсін.Жаратушы Жаппар йемізден елдің басына түскен тауқыметті жеңіл өткеріп,келесі жылғы рамазан айына төрт көзіміз түгел,төрт құбыламыз тең жетуімізді нәсіп етсін деп тілейміз.Сөзімді қорытындылай келе жалпы биылғы жылдың рамазан айы мешіттерде тарауих намазы жамағатпен оқылмаса да,мешіттерімізде жылдағыдай дәстүрлі ауызашарлар ораза ұстаушы жандарға берілмесе де? Мешіттеріміз тарапынан ұйымдастырылған жаны жомарт,қолы ашық кісілермен бірлесе отырып жасаған «Рамазан шуағы»,«Ауызашар қоржыны» атты іс-шараларымызға атсалысқан кәсіпкер ағаларымызбен жамағат аға-іні, апа-қарындастарымызға аудандық мешітіміздің атынан алғысымызды айтамыз. Атап айтар болсақ кәсіпкерлеріміз Омаров Серік (Қасқат намазханасы),Зәкиев Годжат Атаханоғлы және Ғ.Жұмабаев атындағы мектеп- гимназиясының ұжымына да ауызашар қоржындарына жұмыла көтеріскендері үшін алғысымыз шексіз.
Дана халқымызда “жалғыз дарақ орман болып жайқалып өспес” дегендей біріге жасаған ораза айындағы ізгі амалдарыңыз сауаптардан бола берсін. Жалпы қайырымдылық іс-шарасына ауданымыздың көпбалалы аналармен әлеуметтік азқамтылған кісілерден 45 отбасыға ауызашар қоржындары берілді. Алла Тағаламыз игі істерде басымыз қосылып жұмыла көтерістіре берсін әрқашанда. Еліміз аман,жұртымыз тиыш болсын. Ораза айт баршаңызға құтты болсын ағайын.
Еркебұлан Жаңбырбайұлы
Аудандық Зұлқарнайұлы
Мұса қажы мешітінің
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31