Кәсіптің бір бағыты-құс өсіру

Долбушка ауылының тұрғындары ерлі-зайыпты Александр мен Галина Геласимовтер құс өсіруді қолға алып, кәсіпкер атанды

Геласимовтер отбасы бүгінгі күні жалпы саны төрт мың бес жүз дана жұмыртқаны басып шығаратын инкубаторлық аппаратпен жұмыс істеуде. Бұл ауылдық жер үшін қомақты жұмыс көзі.

Отбасылық бизнесті қолға алғандарына да біраз уақыт болғанымен аталмыш аппаратқа 2018 жылы мемлекеттік грант арқылы қол жеткізген көрінеді.

– Осы Долбушка ауылында туып-өстім, 18 жыл бойы  жеке шаруашылықта  сауыншы болып еңбек еттім. Балаларымыз өсіп, ер жеткен соң өз алдымызға еңбек етіп, жақсы табыс табу керектігін түсіндік. Бұл мақсатымды жолдасым да құп көріп, қолдау білдірді. Бұған дейін де шамалы мал-құс өсіретінбіз. Дегенменен әр істі бастау оңай емес екені белгілі. Алдыменен Первомай ауылдық округінің әкімдігіне барып кәсіп ашудың жолдары жайында кеңес алдым. Жергілікті әкімдік мені «Атамекен» кәсіпкерлер-палатасына жолдады. Кәсіпкерлер палатасында «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы білім алу курсын өттім. Кейін өзімнің бизнес жоспарым арқылы мемлекеттік гранқа ие болдым. Алғашында тек балапан сатып алып оны бағып-баптап ет түрінде саудаға шығардық. Кейін кәсібімізді кеңейту мақсатында көтерме баға арқылы облыс орталықтарымен жұмыс істеп, жұмыртқа алдырттық. Оны басып шығару мақсатында инкубаторлық аппарат алдық. Биылғы жылы Петропавл қаласымен жұмыс істедік сәуір айындағы алғашқы жұмыртқаның легін сол жақтағы құс фермасынан тапсырыс бердік. Биыл еліміздегі төтенше жағдайға байланысты көп жұмысымыз ілгері басты, дейді Галина Григорьевна.

– Былтырғы жылы етті тек жәрменкеде саудалаудан бөлек, балапандай және көтерме сауда арқылы еттей өткіздік. Биылғы жылы құс басы азырақ. Қазір тек тұрақты тұтынушылармен жұмыс істеп жатқан жайымыз бар. Дегенменен алдағы уақытта кәсібімізді кеңейту мақсатында жұмыс істейтін боламыз деген ойдамыз – дейді,  Геласимовтер отбасы.

Нарықта құс етіне деген сұраныс жоғары. Яғни, табысты бизнестің бірі. Түйіндей айтқанда, Елбасының Жолдауында көрсетіл­гендей, ауылшаруа­­шылық өнімдерінің сапасын арттыру бағытында байыпты бастамалар ауылда да жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан, кәсіпкердің құс шаруашылығы бағытындағы жұмысқа сәттілік тіледік.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Глава Мендыкаринского района Габит Бекбаев провел отчетную встречу с населением Первомайского сельского округа и села Боровское

Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…

3 недели ago

С начала года в Мендыкаринском районе зарегистрировано 10 случаев интернет-мошенничества

Общая сумма ущерба, нанесенного мошенниками жителям района за текущий год, превысила 22 миллиона тенге. (далее…)

3 недели ago

Сотрудники полиции Мендыкаринского райлна в рамках ОПМ «Пиротехника»  проводят рейдовые мероприятия по торговым точкам

Данные мероприятия проводятся с целью незаконного оборота пиротехнической продукции на территории Мендыкаринского района. (далее…)

3 недели ago

Меңдіқара аудандық Мансап орталығының жұмыс қорытындысы жайлы сұхбат жүргізген болатынбыз

Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті…

3 недели ago

В селе Тенизовское Мендыкаринского района предстоит большая работа по устранению накопившихся проблем

Отсутствие промышленности, сотрудника почты, пастбищ, малое количество школьников, плачевное состояние дорог - и это далеко…

3 недели ago

This website uses cookies.