Мал баққанға бітеді

Қара шаңырақтың берекесін келтіріп, ауылдағы нағыз еңбекке бас иген Жомарт пен Айгүл Капешовтар

Бүгінде өз алдарына жеке шаруашылық қожалықтарын ашып, мал басын өсіріп, ата дәстүрді қолға алып отырған жайлары бар.

Ата-анадан  нағыз еңбектің наны тәтті дегенді естіп, адал еңбектерін көріп ер жеткен Жомарт ағамыз отбасында ұлдардың ішіндегі кенжесі. Әулеттің берекесі  Бағыт әжей жеті құрсақ көтерген,  күміс, алтын алқа тағынған ана. Бүгінде немере, шөберенің қолынан су ішіп, солардың қызық-қуанышына кенеліп отыр.

Бұл отбасында қашаннан  дастархандарынан ақ үзілмеген.  Май, құрт, айранмен қоса бие байлап денсаулыққа пайдасы зор қымыз баптауды Бағыт әжей  ертеден-ақ, қолға алған екен.  Отбасына Айгүл апамыз келін болып түскелі бие сауып, қымыз сапырудың  қыр-сырын енесінен үйренгенін жасырмайды.

-Міне, содан бері жыл сайын бие сауып, қымыз өндіріп отырғанымызға да отыз жылдан асып кетті дейді, -Айгүл апай. Мамыр айынан бастау алатын бие байлау маусымы қазан айына дейін жалғасады. Мамыр айының бал қымызына деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Күніне 15-20 литр қымыз баптаймыз, өзіміздің бала-шағамыздан артылғанын  тапсырыспен ауыл-аймақ тұрғындары алып кетеді. Дәл қазіргі еліміздегі орын алып отырған пандемия кезінде қымыздан бөлек саумалға деген сұраныс артып отыр. Бие сүті түрлі дертке шипа, дәруменге бай екені белгілі. Сүттің  құнарлығы мал азығының жақсы болуынан. Сондықтан күнделікті жем-шөбі мен суын уақытылы беріп, биенің де бабын табуға тырысамыз.  Қымызға да ерекше баппен,  күтіммен қараймыз. Бәрі де адал еңбекпен, маңдай термен келетіні белгілі ғой. Дегенменен қымыздың литрін 700 теңгеден асырмаймыз халыққа қолжетімді болуы, біздің әлеуметке қосқан үлесіміз деп білеміз- дейді,  сөз  барысында Айгүл апай.

-Осы уақыт аралығында бір-екі бие ғана сауатынбыз.  Екі –үш жыл бұрын  мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алып, сол қаржыға жылқы сатып алдық,  дәл қазір бес бие байлап отырмыз.  Ауылдық жерде тұрғандықтан табыс көзі мал шаруашылығы екендігі белгілі. Сондықтан мал басын көбейтіп, жеке шаруашылық қожалығын ашқан болатынбыз. Осы төрт жыл аралығында қара мал бағып келеміз, мемлекеттен субсидия берілгендігі де біз үшін үлкен қолдау. Малдың тұқымын жақсарту мақсатында қазақтың ақ бас бұқасын алдық, шағын шаруашылығымызды дөңгелетіп әкетуде  «Атамекен» қаржылық қолдау қорының көмегі зор болды. Еңбек етемін деген жанға қашанда жол ашық,  ең бастысы әр жанның алдына қойған мақсаты айқын  болу қажет- деген өз ойын жасырмады Жомарт ағамыз.

Мал баққанға бітеді деген нақыл сөздің астарына үңілсек, әр ауылда мыңғыртып мал өсірген шаруа қожалықтарының саны арта түссе бұл береке, ырыздықтың бастауы. Сонымен қатар, ата кәсіпке деген ізгі құрметтің жарқын көрінісін біздер бүгін  Капешовтар отбасынан көрдік.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Глава Мендыкаринского района Габит Бекбаев провел отчетную встречу с населением Первомайского сельского округа и села Боровское

Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…

2 недели ago

С начала года в Мендыкаринском районе зарегистрировано 10 случаев интернет-мошенничества

Общая сумма ущерба, нанесенного мошенниками жителям района за текущий год, превысила 22 миллиона тенге. (далее…)

3 недели ago

Сотрудники полиции Мендыкаринского райлна в рамках ОПМ «Пиротехника»  проводят рейдовые мероприятия по торговым точкам

Данные мероприятия проводятся с целью незаконного оборота пиротехнической продукции на территории Мендыкаринского района. (далее…)

3 недели ago

Меңдіқара аудандық Мансап орталығының жұмыс қорытындысы жайлы сұхбат жүргізген болатынбыз

Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті…

3 недели ago

В селе Тенизовское Мендыкаринского района предстоит большая работа по устранению накопившихся проблем

Отсутствие промышленности, сотрудника почты, пастбищ, малое количество школьников, плачевное состояние дорог - и это далеко…

3 недели ago

This website uses cookies.