Меңдіқара аудандық Мансап орталығының жұмыс қорытындысы жайлы сұхбат жүргізген болатынбыз

Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін ауқымды іс-шаралар легі көптеп ұйымдастырылуда.

Мақсат – жастарды жұмыспен қамтып, жұмыссыздықтың алдын алу.

Бүгінде аудандық Мансап орталығы қандай міндеттер атқарады? Олардың бүгінгі тынс-тіршілігі қандай? Жыл басынн бері неше адам жұмыспен қамтылды? Осы және басқа да сұрақтармен Меңдіқара аудандық Мансап орталығының басшысы Болат Мурзапайызовпен арнайы сұхбат жүргізген болатынбыз.

Айта өтсек, Болат Сарсенұлы 2025 жылдың қазан айынан бастап, орталықтың басшылық қызметін атқарады.

Болат Сарсенұлы сәлеметсіз бе! Мансап орталығының негізгі жұмысымен таныстырып кетсеңіз?

-Сәлеметсіз бе! Мансап орталығы жұмыссыз азаматтарды есепке тіркеу және жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді, уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Статистикаға көз жүгіртсек, жылбасынан бері неше адам жұмыспен қамтылды?

-Статистика бойынша жыл басынан бері 1000-нан астам жерлестеріміз жұмыспен қамтылып, қазіргі таңда еңбек жолдарын жақсы нәтижемен жалғастыруда.

-Жалпы, орталыққа қай мамандық иелері көп жұмыс іздеп келеді?

-Меңдіқара ауданында нағыз сұранысқа ие мамандықтардың бірі, олар: ауыл шаруашылық ісінің мамандары, механизаторлар, агроном және дәрігерлері. Есепші, инжинер, аспаз, мұғалім, дәрігер, жүргізуші мамандықтары әрине әрдайым сұраныстағы мамандықтар.

Электронды еңбек биржасы enbek.kz – тің тигізіп жатқан көмегі қандай?

– Еnbek.kz – мемлекеттік ақпараттық портал. Порталдың басты жұмыс – жұмыс беруші мен жұмыс ізденушіні байланыстыру. Онда жұмыс берушілердің арнайы тізімі болады. Жұмыс іздеуші өзінің мамандығы, өзінің біліміне байланысты жұмысты үйден шықпай-ақ, онлайн түрде іздестіріп, өзінің түйіндемесін қалдыра алады. Дамыған әрі ақпараттандырылған заманда жастарымыз жұмысты осы мемлекеттік портал арқылы іздеп, жұмысқа орналасуда. Сол себепті, мемлекеттік порталдың қоғам үшін атқарар қызметі орасан зор.

-Жұмыс сұрап келушілерге тұрақты жұмыс тауып бере алмаған жағдайда не істейсіздер?

-Мансап орталығының көмегіне жүгінген азаматты біз жұмыспен қамти алмаған жағдайда, ол кісініңм түйіндемесін бірден «enbek.kz» порталына жүктейміз. Портал автоматтық түрде түйіндемеге байланысты жұмыстарды тауып беріп, біз сол портал арқылы азамат, азаматшыларға жұмыс табуға тырысамыз. Бұдан бөлек, біздің орталықтың жастарымызға арналған түрлі бағдарламалары бар. «Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Бизнес бастау», «Бірінші жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс» деген бағыттар бойынша жұмыс жасаймыз. Сол секілді қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдаймыз.

Жыл басынан бері қандай бағытта, қандай бағдарлама арқылы қанша адам жұмыспен қамтылды?

Жыл басынан бері Меңдіқара ауданында 1190 мамандарымызды жұмыспен қамтылған болатын. Соның ішінде, 131 жастарымыз қоғамдық жұмыс орындарына орналасса, 4 жас маман «Бірінші жұмыс орынә бағдарламасы арқылы өз еңбек жолын бастап отыр.

-Мемлекеттік бағдарламалардың қоғамға тигізіп жатқан пайдасы қандай?

-Әрине, мемлекеттік бағдарламалардың қоғамға, халыққа деген пайдасы өте көп. Оқуды бітіріп, қолға диплом алған жас мамандарымыз бірден бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасып, өз еңбек жолдарын бастауда. Көптеген жас кәсіпкерлеріміз мемлекеттік жобалар, жеңілдетілген несиелер арқылы өз істерін дөңгелетіп отыр. Сол себепті, мемлекеттік бағдарламалар легі көптеп болып, халық игілігі үшін жасалып жатқан жобалар көп болсын деп тілейміз.

-Болат Сарсенұлы, бүгінгі сұхбатыңыз үшін сізге көп рахмет! Бүгінгі сұхбат біздің жас мамандарымыз үшін нағыз керек ақпарат деп білеміз.

-Сіздерге де көп рахмет!

Жастар игілі үшін жасалынып жатқан жобалар легі өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Еліміздің болашағы – бүгінгі жастарымыздың қолында.

Сұхбаттасқан

Ақжан Байтұрсынова

Редактор

Recent Posts

С начала года на территории Мендыкаринского района было допущено 350 правонарушений

- Сотрудники полиции несут службу в штатном режиме, но, несмотря на это, жители региона все…

7 часов ago

Жительницам Мендыкаринского района Ольге Ивановой и Наталье Сатаевой вручили почетные знаки «Күміс алқа»

Многодетные мамы получили награды за самоотверженность и любовь к детям, заслужив особое признание. (далее…)

9 часов ago

Меңдіқара ауданында жас маман мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болды

Бүгінгі таңда елімізде жастарға ерекше көңіл бөлініп келеді. (далее…)

1 неделя ago

Крещенские купания в Мендыкаринском районе: единение вер и традиций

В ночь с 18 на 19 января жители Мендыкаринского района собрались у проруби, установленной напротив…

1 неделя ago

Меңдіқара ауданындағы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында заманауи телестудия кабинеті жұмыс жасауда

2024-2025 оқу жылында Меңдіқара ауданы, Боровкое селосында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы «Қазақстан халқы…

1 неделя ago

Депутат областного маслихата Динара Ахметова оформила годовую подписку на районную газету «Меңдіқара үні» для 42 пенсионеров

В разгар подписной кампании Динара Маратовна решила поддержать социальный проект, сделав подарок для одиноко проживающих…

2 недели ago

This website uses cookies.