Меңдіқара аудандық тілдерді оқыту орталығы жанынан «Сөйле Time» клубы ашылды
Аталмыш клубтың ашылуындағы басты мақсат – қазақ тілін үйренемдеушілерге сауатты тіл үйрету және олардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне көмек көрсету
Бұл жоба Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімованың бастамасымен, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қолға алынып, бүгінде қанатын кеңге жаюда
«Сөйле Time» клубының негізгі көздегені – тілдік орта қалыптастыру, азаматтардың қазақ тілін үйренуге деген құлшынысын арттыру. Клуб – үйренушілер үшін қолайлы тілдік орта қалыптастыруды көздейді.
Қазіргі таңда Меңдіқара аудандық тілдерді оқыту орталығының сегіз жүзге жуық тыңдаушысы бар. Соның алты жүз тоқсан сегізі бүгінде мемлекеттік тілді меңгеруде. Клуб мүшелері айына үш рет бас қосып, он алты тақырып бойынша сабақ өткізілмек.
Өткен аптада ауданымызда «Сөйле Time» клубының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова, аудан әкімінің орынбасары Мәрлен Сандыбеков, Аудандық мәслихаттың хатшысы Жанат Байбулатова, Меңдіқара аудандық ардагерлер кеңесі филиалының төрағасы Есет Көбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Наталья Козлова қатысты.
Екі бөлімнен тұрған іс-шарада алғаш болып Гүлжан Ермашқызы сөз алып, ақ жарма тілегін білдірді. Жиылған қонақтар мен клуб мүшелері игі бастаманың аудан төрінде орын алып жатқандарына қуанышты екендерін білдіріп, «Сөйле Time» клубына толағай табыстар тіледі.
Жетпістен астам адам қатысып, жоғары деңгейде өткізілген салтанатты шара өте әсерлі, көтеріңкі көңілге толы болды. Тілдерді оқыту орталығының мамандары клуб мүшелеріне қызықты викториналық сауалдар қойып, тұшымды жауап алды. Әннен шашу шашылып, кездесу көңілді аяқталды.
Аталмыш клубтың ашылуындағы басты мақсат – қазақ тілін үйренемдеушілерге сауатты тіл үйрету және олардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне көмек көрсету.

Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31