Меңдіқара ауданында Асық ату және бес асықтан облыстық мектеп лигасы ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы Декларациясының 35 жылдығына орай асық ату және бес асық ұлттық ойындарынан облыстық мектеп лигасының ашылу салтанаты біздің ауданның төрінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Аталған спорттық шараға Қостанай облысының түкпір-түкпірінен келген білім беру ұйымдарының командалары қатысып, ұлттық спортты дәріптеуге өз үлестерін қосты.

-Бүгінгі облыстық мектеп лигасы – Қазақстан Республикасының Егемендігі жайлы Декларациясының 35 жылдығына арналған тағылымы мол, мәні зор шара. Ұлттық спорт түрлерін , соның ішінде асық ату мен бес асықты дәріптеу – өскелең ұрпақтың бойынша отансүйгіштік рухты сіңірудің, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызды жолы. Жарысқа қатысып отырған жас спортшыларға сәттілік тілей отыра, әділ әрі тартысты ойын көрсетіп, жеңіске жетулеріңізге тілектеспін, – деді аудан әкімінің орынбасары Әлғиса Сарбасов.

Шара барысында сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығының» директоры Қуаныш Бимурзин, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің басшысы Гүлбарам Каленова, аудандық спорт бөлімінің басшысы Сағынғали Мырзабекұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың бас төрешісі, Қостанай облысының асық ату федерациясының басшысы Каршал Какауов қатысушыларды жарыс ерешелерімен таныстырды.

-Бұл облыстық мектеп лигасы – ұлттық спортты дамытуға бағытталған маңызды бастама. Асық ату мен бес асық сияқты дәстүрлі ойындар жас ұрпақтың дене дайындығын шыңдап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге, патриоттық тәрбие беруге үлкен ықпал етеді. Бүгінгі жарыс мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, командалық рухты нығайтуға және облыс көлемінде ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға мүмкіндік беріп отыр. Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта та жүйелі түрде өз жалғасын табады деген сенімдеміз, – деді облыстық дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығың директоры Қуаныш Уахитұлы.

Қуаныш Бимурзин Қостанай облысының білім саласындағы дене шынықтыруды дамытуға қосқан үлесі үшін Ғаббас Жұмабаев атындағы БМГ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ғабит Абдуллин мен аудандық БЖСМ жаттықтырушысы Рыспай Үмбетовты «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапаттады.

Жарыс қорытындысы бойынша бес асық командалық нәтижелеріне тоқталатын болсақ, 3 орын – Ғаббас Жұмабаев атындағы БМГ (Меңдіқара ауданы), 2- орын – Камышинский білім беретін жалпы мектеп (Федоров ауданы), 1-орын – Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы (Қостанай қаласы).

Асық ату командалық нәтижесі бойынша, 3 орын – Ғаббас Жұмабаев атындағы БМГ (Меңдіқара ауданы), 2 орын – Набережная ЖББМ (Бейімбет Майлин ауданы), 1 орын – Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖББМ (Рудный қаласы).

Осылайша, Егемендік мерейтойына арналған облыстық мектеп лигасы ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттап, жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға зор үлес қосты.

Ақжан Байтұрсынова

Суреттерді түсірген автор

Редактор

Recent Posts

В рамках социально-правовой акции «Мүмкіндік» в Мендыкаринском районе прошла встреча с лицами, чьи возможности по ряду причин ограничены

В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…

2 дня ago

В Мендыкаринском районе усиливают контроль за соблюдением ПДД с помощью скоростемеров и камер видеонаблюдений

В первом квартиале этого года на территории нашего района произойдут значительные изменения в системе контроля…

3 дня ago

Меңдіқара аудандық жастар ресурстық орталығы мен Төтенше жағдайлар бөлімі бірлескен жұмыс туралы меморандум бекітті

Меңдіқара аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Төтенше жағдайлар бөлімі өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол…

3 дня ago

С начала года на территории Мендыкаринского района было допущено 350 правонарушений

- Сотрудники полиции несут службу в штатном режиме, но, несмотря на это, жители региона все…

4 дня ago

Жительницам Мендыкаринского района Ольге Ивановой и Наталье Сатаевой вручили почетные знаки «Күміс алқа»

Многодетные мамы получили награды за самоотверженность и любовь к детям, заслужив особое признание. (далее…)

4 дня ago

Меңдіқара ауданында жас маман мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болды

Бүгінгі таңда елімізде жастарға ерекше көңіл бөлініп келеді. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.