Меңдіқара ауданының Ұзынағаш ауылында белгісіз жыртқыш пайда болған
Ауыл тұрғындары кешқұрым далаға шығуға қауіптенеді
Белгісіз жыртқыш бір үйдің қорасына түсіп, қойларын қырып кетті. Барлығы тоғыз ұсақ мал қырылған, жаралылары да бар.
Жергілікті тұрғындар мұны ауылдағы қаңғыбас иттерден көріп отыр. Себебі бұл өңірден соңғы кездері ешкім түз тағысын байқамаған және малға қасқырдың тісі тигенге ұқсамайды.
«Күзден бері мұндай жағдай осымен үшінші рет болып отыр», – дейді ауыл әкімі Тілеуғабыл Дүйсенов.
Адамдар қазір күн батқанда көшеге шығуға да қауіптенетін болыпты.
«Қаңғыбас иттер бос жүрген ауылда бар. Үйді үйді аралап иттеріңе ие болыңдар, байлап ұстаңдар деп айтамыз. Аудандағы ветеринарларға хабарладық осы жағдайды. Бірақ олар «атуға рұқсат жоқ, ештеңе істей алмаймыз» деді, – дейді Қарақоға ауылдық окруігінің әкімі Тілеуғабыл Дүйсенов.
Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31