25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті.
Қазақ боксы – тәртіп пен төзімділікті шыңдайтын үлкен спорт мектебі. Бұл спорт түрі арқылы тек чемпиондар ғана емес, қайсар мінезді тұлғалар да шыңдалып шығады.
Ауқымды спорттық шараға еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысып, шаршы алаңда сыңға түскен. Қостанай облысының құрамасының сапында Меңдіқаралық спортшы Амина Сапарбаева өнер көрсетті. Жас спортшы өзінің табандылығы мен үздік дайындығын дәлелдеп, III – орынды өз қанжығасына байлап, Спорт шеберіне үміткер нормативін орындады.
Айта өту керек, жас спортшы бокстан Қостанай облысының чемпионы болса, кикбоксингтен 2 рет Қазақстан чемпионы атанған. Бүгінде бокс спортынан Қазақстан чемпионатында қола жүлде иегері болып отыр. Бұл спортышының – қажырлы еңбегі мен алға қойған мақсатына деген сенімінің айқын көрінісі.
Ендігі, Амина Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынына аттанады. Жаттығулар 12-28 наурыз аралығында Алматы қаласында өтеді. Бұл жаттығулық жиын 2 кезеңнен тұрады. Спортшының әр кезеңге қатысуы оның қорытынды спрагингтегі көрсеткішіне байланысты анықталатын болады.
Жас спортшының жетістікке жетуіне бапкері Дияр Қожақовтың қосқан үлесі зор. Бапкердң кәсіби шеберлігімен жүйелі дайындығы шәкіртінің жоғары нәтиже көрсетуіне жол ашты.
Осындай мақсатшыл, еңбекқор жастар – еліміздің спорт саласының жарқын болашағы. Аминаның бұл жетістігі өзге оқушыларға үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен серпін береді.
Ақжан Байтұрсынова
Суреттер бапкер тарапынан ұсынылды
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Совместными усилиями проводится работа по вывозу снега, расчистке улиц и отвода воды от жилых домов.…
В Мендыкаринском районе Елена Карповна личность известная 96-летняя мендыкаринка оставила большой след в истории района.…
Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…
Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)
Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)
This website uses cookies.