Мықты қоғам, жақсы отбасыдан басталады

Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді

Әкенің өнегесін көріп өскен, ананың саналы тәрбиесін алған жанұяның балалары әрқашан бақытты болып өсері анық.

Бақытты отбасы – шаңырағының шырайын келтіретін ана мен отбасына қамқор, тіреу болатын асқар тау әкенің қолында. Менің бүгінгі мақалама арқау болған кейіпкерлерім бақыттың кілтін тапқан, қоғамда ойып орын алған асыл жандар. Көпке үлгі болған – Арыстановтар жанұясы жайлы болмақ.

Темірбай ақсақал мен Алтын апай адал еңбек, ақкөңіл мінездің арқасында ел ішіне танылып, бүгінде жерлестері мен жақындарының арасында сый құрметке бөленіп отыр.
Олар өмірдің қызығы мен қуанышын бірге көріп келеді. Еңбектің өсу баспалдағында абырой мен адалдықты басты орынға қойып, адамдық қасиетті еш уақытта жоғалтпады. Алланың берген екі ұл, үш қызын дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жеткізді. Бүгінде сол перзенттері мен немере-шөберелерінің қызығын қызықтауда. Ұл-қыздары бүгінде ер жетіп, өз шаңырақтарының иелері атанды. Немерелерінің алды тұрмыс құрып, ата-әжелеріне шөбере сыйлап, үлкен қуанышқа кенелтіп отыр.
Балаларының бойларына жастайынан өнегелі тәлім-тәрбиені сіңірген Темірбай ақсақал мен Алтын апай бүгінгі таңда перзентерін мақтан тұтады. Ұл-қыздары өте бауырмал, көпшіл және парасатты. Ата-анадан дарыған адами қасиеттері жетіп артылады. Бүгінде туған жерлері Меңдіқара ауданында еңбек атқарып, әкенің қадірін түсініп, ананың ақ сүтін ардақтауда.
Темірбай аға сан жылдар Борки ауылында механизатор болып еңбек атқарды. Ол еңбегіне адал, кішілігі кісілігіне ұласқан, ел сыйлайтын қарапайым жан. Еңбегін адал атқаруының арқасында шығар, еш уақытта жұмыс орнын ауыстырмаған көрінеді. Боз бала шағында бастаған еңбегін, зейнеткерлікке шыққанша жалғастырған екен. Көп жылдар Борки ауылын мекен еткен отбасы, зейнет жасына шыққанан кейін балаларының қолқа салуымен аудан орталығына қоныс аударған. Бүгінде ауданымыздың сыйлы да, қадірлі ақсақалдары атанып отыр.

Талай жыл трактордың құлағында ойнап еңбек еткен ағамыз, он саусағынан өнері тамған шебер екенін де аңғардық. Оның жасаған дүниелері көздің жауын алады. Ағаштан, темірден түйін түйген ағамыз керек дүниесін өз қолымен жасап алатынына куә болдық. «Шебердің қолы алтын» дейді қазақ. Бұл сөз алтын қолды Темірбай ағай жайлы айтылғандай. Қолындағы немересі Санжар атасының тірлігіне септігін тигізетін көрінеді. Атасына қарап бой түзеп өсіп келе жатқан жеткіншек, атасының оң қолы, яғни, көмекшісі екен. Болашақта атасы мен әжесі сияқты парасатты, ақылды және қарапайым болсам дейді.
«Ерін сыйлаған есікте қалмайды» деген екен халық даналығында. Тасы өрге домалаған азаматтың басына қонған бақ құсы – Алтын апай. Он тоғыз жасында Темірбай ағамыздың етегінен ұстап аяулы жар атанған екен. Жанындағы жарының тілін тауып, шаңырағының шырайын келтіріп келеді. Қырық бес жыл түскен елінің қамын ойлап, отағасының жағдайын жасап, бес баланы дүниеге әкелген Алтын апайымыз, болмысы шынайы жан. Оның ақ жарқын шынайы мінезін барша жерлестері біледі. Ол осы қасиеттерімен ерінің мақтанышына айналды. Оның жақындары мен туыстарына деген ықыласы зор. Бүгінгі тілегі балаларының амандығы.
Ерімен қоса иық тіресе етене еңбекке де араласқан көрінеді. Еш уақытта еңбектен қашпай, адал еңбек атқаруға тырысқан. Бір кездері мәдениет саласында еңбек еткен апайымыз, кейінгі уақытта сауыншы болып та жұмыс жасаған екен. Жастық жігермен еңбек еткен жан бүгінде асыл ана, ардақты әже, келінге сыйлы ене бола білді. Келіні апайымызға өз анасындай қарап, енесінің үйреткенімен өз отбасының түтінін түзу ұшырып келеді. Ене мен келіннің арасындағы сыйластық апамыздың көрегенділігінен деп түсінуге болады.

-Ағаларың екеуіміз қырық бес жыл бірге қол ұстасып келеміз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп бекер айтылмаса керек. Отбасылық өмірде барлығы да болып жатады. Шыдамдылықты серік етіп, ақылға салсаң барлығыда жақсы болады. Ең бастысы еріңнің жағдайын басты орынға қойып, келген еліңе сіңісуді ойлау керек. Аллаға шүкір, мағыналы ғұмыр кешіп келеміз. Отағасы екеуіміздің мақсатымыз бір болды. Ол мақсат – балапандарымызды жеткізу, көзге көрінген балаларымызға дұрыс тәрбие беру, перзенттерімізге жарқын болашақ сыйлау. Тілек еткен ниетіміз орындалды десек қателеспейміз. Балаларымыз бір шаңырақтың егесі атанып отыр. Еш уақытта бізді ұмытқан емес. Мереке сайын туған шаңырақтарына ат басын бұрып, ақ дастарқан басында жиналып жатамыз. «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» деген аталы сөзді күні бүгін саналарына сіңіріп, салт-дәстүрді ұстанып, әдет-ғұрпымызды ұмытпаңдар деген ата-аналық ақылымызды берудеміз. Балаларымыз, немере, шөберелеріміз біздің берген ақылымызды саналарына тоқып келеді. Баласының тілеуін тілеген ата-ана үшін бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Бүгінгі күні бақытты ата-әже, ата-ана, құда-құдағи атандық. Біздің бүгінгі жақсылығымызды кейінгі ұрпағымыз жалғастырып, бақытты ғұмыр кешсе деймін. Алдағы күнде жүрек жылуымызды ұрпағымызға сыйлап, балаларымыздың тек қызығын көрсек екен, – дейді бақытты ана.

Өмірдің қиыны мен қызығын қатар көрген Темірбай ақсақал мен ақжаулықты Алтын апайымыз өмір атты өзеннің асау толқынында қайықтың ескегін бірге кешкен жандар. Олар бүгінгі таңда тамырын тереңге жайған мәуелі бәйтерекке айналды. Бәйтерегіміз құлпырып, жайнап, өсе берсін деген ақ тілегімізді білдіреміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Аудандық мәдениет үйінің әншісі Ғалымжан Маутановтың жеке ән кеші өтті

Қарашаның 14 жұлдызында аудандық мәдениет үйінің төрінде «Юбилейный» мәдениет үйінің әншісі Ғалымжан Маутановтың жеке ән…

3 дня ago

С начала года в Мендыкаринском районе зарегистрировано 11 случаев интернет-мошенничества

Об этом рассказал начальник отделения криминальной полиции Мендыкаринского района Александр Желтоножко (далее…)

4 дня ago

Житель Мендыкаринского района был отмечен благодарственным письмом Президента РК

Касым-Жомарт Токаев выразил благодарность Владимиру Леонову за активное участие в проведении республиканского референдума по строительству…

4 дня ago

Школьница из Мендыкаринского района Дарина Бришева стала лучшей на международном конкурсе «Kostanay Fest»

Многожанровый фестиваль проходил в областном центре и собрал порядка ста участников (далее…)

4 дня ago

В Боровской школе-гимназии робототехнику преподает молодой учитель-программист

Доступ к современным технологиям позволяет мендыкаринским школьникам расширить свои знания (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында Ғ. Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында ұлағатты ұстаз Қапар Нұрабаев атындағы сынып ашылды

Қарашаның 7-ші жұлдызында аудан орталығында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының төрінде ұлағатты ұстаз Қапар…

1 неделя ago

This website uses cookies.