Нағыз еңбек адамы Қаламқас Кендірбаева көпке үлгі

Еңбекқорлық – ең асыл қасиеттердің бірі. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз нағыз еңбексүйгіш және көпке үлгі бола білген жан

Нағыз еңбектің тілін түсініп, бүгінде өз жанұясының берекесін келтіріп отыр.

Қыстың қамын жаз ойла деген қағиданы ұстанған Қаламқас Кендірбаева өзінің еңбексүйгіш қасиетімен көпке өнеге бола біліп, сый-құрметке бөленіп жүр. Бүгінде төккен тері мен бел жазбай еткен еңбегінің жемісін көріп отыр.

Көктем мезгілінің келумен Қаламқас апайымыз жолдасы Жанбосын ағайымызбен бірге бау-бақша егудің қамына білек сыбана кірісіп, жайдарлы жазда жеміс-жидек терумен айналысады. Кейіпкеріміз бүлдірген, шие, саңырауқұлақ терудің қас шебері десек артық айтпаған болармыз. Күннің ыстығына қарамай, таңның атысымен Алланың берген сыйын теріп, қыстың күні жемісін көреді. Біз Қаламқас апамызбен сұхбаттасқан сәтте, шие теріп келіп жатқан кезі екен.

Жаздың бір күні – қыстың мың күніне татиды. Ерінбеген адамға «Екі қолға бір күрек» демекші, еңбек еткенді жөн санаймын. Терген жеміс-жидегімнен түрлі тосап қайнатып, туған-туысқа, қыдырып келген жақындарыма тарту етіп жатамын. Оның өзі бір қуаныш. Ағаларың екеуіміз бүгінгі таңда зейнет жасындамыз. Зейнетке шығып құр отырмай, еңбекке араласқанды жөн санаймыз. Дархан даланың бізге берген сыйын бағаламай, қол қусырып отыған дұрыс емес деп ойлаймыз. Тосап қайнату, қияр, қызанақ тұздап, салат жасау науқанына қызу кірісіп кеттік. Ерінбегеннің табысы еселенеді деген қағиданы қатаң ұстанамыз, – деді Қаламқас апай.

Бармақтай болған бүлдіргенді теріп алумен қатар, тазартып алудың өзі зор еңбек. Көздің майын тауысып, аса табандылықпен атқарылатын жұмысты, еңбекқор апай аса шыдамдылықпен орындайтын көрінеді. Әр ісінен рахат алып, ертеңгі күнде пайдаға асыра алатын еңбек адамының кейінгі жас келіншектерге көрсетер өнегесі жетерлік. Алысты жақындатып, туған мен туыстың қадірін түсініп, әр мерекеде дастарқанын молынан жайып, жақындарының басын қосып жататын көрінеді. Қазақтың салты мен дәстүрін, ата-бабамыздан қалған ұлттық құндылықтарымызды да сақтап келеді. Төрт перзентті дүниеге әкеліп, бүгінде немерелері мен балаларының қызығын жолдасы Жанбосын ағайымызбен бірге қызықтауда. Немерелері де ата-әжелерінің еңбегіне әркез қолдау білдіріп, үлгі тұтатын көрінеді.

Еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам құрметке бөленеді дейді. Біздің кейіпкеріміз де нағыз еңбектің арқасында жақындары мен туған-туысының ортасында үлкен бедел мен құрметке бөленіп отыр.

Апайымыздың күнделікті атқарған еңбегіне сәттілік, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

17 часов ago

Меңдіқара ауданында еріктілер «Қарлы десант» акциясы аясында көмек көрсетті

Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі…

18 часов ago

Меңдіқара ауданының спортшылары Қостанай облысының чемпионатында топ жарды

Ұзынкөл ауданында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спортынан Қостанай облысының…

2 дня ago

Меңдіқара ауданында Ауған соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

13 ақпан күні аудан тұрғындары мен Ауған соғысының ардагерлері Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл…

1 неделя ago

Коммунальные службы Мендыкаринского района продолжают работу по расчистке и вывоза снега

Все спецслужбы района с начала текущего года выполняют свои обязанности в полной мере. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.