
Оқыту курстары өз жалғасын табуда
Латын графикасына көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Өз қажеттілігін мойындата білген жаңа әліпбидің маңыздылығы: тіл тазалығын сақтау, әлемдік өркениетке қосылу.
Жаңа әліпби бекітілгеннен бері елімізде семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, отырыстар өткізіліп келеді. Құзырлы мекемелер мен жауапты мамандар тарапынан жұмыс жоспарлары құрылу үстінде, насихат жұмыстары және Жаңа әліпбидің емлесін меңгерту курстары жүргізілуде.
Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан Жаңа әліпбидің емле-ережелерін оқыту курстары өз жалғасын табуда. Оқыту орталығында Меңдіқара ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» тақырыбында қысқа мерзімді оқыту курсынан өтті.
Қысқа мерзімді оқыту курсын тәмамдаған бөлім қызметкерлері Жаңа әліпбидің емле-ережелері бойынша тестілеуден өтіп, латын графикасында диктант жұмысын жазып, жақсы көрсеткіштер көрсетті. Полиция бөлімінің қызметкерлеріне сертификаттар табысталды.
А.С.Хасенова
Тілдерді оқыту орталығының
қазақ тілі мұғалімі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31