Рамазан айындағы шарапат
Биылғы жылы Рамазан айы былтырғы жылдан бөлек болды деп айтсақ қате айтпаған болармыз
Мешіттеріміз жабық тарауихты үйде оқып, әркім ауызашарды өз үйлерінде отбасымен отырып ашты. Қазақта жақсы сөз бар не көрсең халықпен бірге көр деген. Әне-міне дегенменде рамазан айы аяқталып қалды. Алла Тағаламыз баршамыздың ұстаған оразамызды қабыл етіп, айт мерекемізді күллі мұсылман жұртшылығына құтты мүбарак етсін. Айтайын дегеніміз биыл мешітімізде ауызашар болмағаныменде ауызашарлар орнына әр жұмада қайырымдылықтар жасалып отырды. Ауданымыздағы көпбалалы отбасылармен мұқтаж жандарға азық-түліктей “Рамазан айы сыйлығы” тарататылып беріліп отырды.
Көп түкірсе көл демейме атам қазақ оған мешіт жамағатымен кәсіпкерлерде атсалысты. «1000 теңгеге ауызашар» және «Біз біргеміз» акциясы аясында рамазан айында көптеген ізгі шаралар жасалды. Соның ішінде мешіт үйімен бірлесе Ирина Ерғазықызы, Годжат Атаханоғлы, Серік Омаров, «Олжа» Боровской шарушылық қожалығының басшысы Аслан Сәлімжанұлы сынды бірқатар кісілер рамазан айының қайырымдылық шараларынан қалыс қалмады. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын дегендей Алла Тағаламыз жоғарыда аты аталған кәсіпкерлерімізге жұмыстарының берекетін берсін деп тілейміз. Келесі жылғы рамазан айына аман-есен жетіп баршамыз бірге мешіттерімізде тарауих оқып, құлшылықтарымызды атқаруымызды Алла Тағаламыз нәсіп етсін. Ел аман, жұрт тиыш болсын дегіміз келеді. Аты жаман індеттен жаратқан иеміз елімізді, жерімізді аман-есен етсін.
Аудандық Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешітінің бас имамы Еркебұлан Жаңбырбайұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31