Әсемгүл Хасенова дастарханы берекелі, аспаздық қыры мен өз алдына ерекшелене білген отанасы
Жұмыспен бірге отбасының қамын қатар ойлап жаз бен күз мезгілінде нағыз табиғи дәрумендермен қоймасын толықтыруда
Биылғы жылы отағасы Болат пен Әсемгүлдің шаңырақ көтергендеріне де он төрт жыл толып отыр. Тұңғыштары Әділет алғаш мүшел жасқа толып, ата-анасының қолқанаты болды. Әділеттің соңынан ерген бауыры Махаббат 2 сынып оқушысы, ал шаңырақтың кенжетайы Мөлдір анасы еңбек ететін «Жас Әлем» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушісі.
– Отбасымызда үш бала тәрбиелеп отырғандықтан, әрдайым дастарханымыздың мол болуын, келген қонақты берекелі қарсы алуды ойлаймыз. Ол үшін ең алдымен еңбек ету керектігін әрдайым балаларға үлгі етіп көрсетіп отырамыз. Жаздың шіліңгір шілдесі мен тамылжыған тамыз айларында өзіміздің табиғаты бай өлкеміздің жеміс-жидегін теріп, одан тосап, түрлі-түрлі компот жабуды қолға аламын. Жолдасым да балалар да бұл ретте көмектерін береді. Бірлесіп еңбектенеміз. Берекелі күз айы келісімен көкөніс консервілеуге кірісемін. Ең бастысы алты ай қыста дәруменге бай табиғи өнімді тұтынамыз. Бұл дегеніміз денсаулықты нығайтып, иммунитеттің әлсіремеуіне көп көмегін тигізеді. Әсіресе елімізде орын алып жатқан пандемия кезінде бұл дәрумендердің адам ағзасы үшін көп көмегі болады деген ойдамын. Сондай-ақ, тұмаудың алдын алуда дәруменге бай тосап түрлерімен кептірілген шөп шайлар көмектеседі – дейді, кейіпкеріміз.
– Сондықтан биылғы күзде қыстың қамын ертеден ойлап қоймамызды толықтырудамыз. Кез –келген отбасы қыс мезгіліне дайындалады деп ойлаймын – деді, Әсемгүл.
Осы ретте Әсемгүл біздің оқырмандарымызбен өзінің сүйікті қайнатпасы аджиканың жасалу жолымен бөлісті.
Аджика рецептісі: 1,5 кг қызанақ, 1 кг баклажан , 300 гр сарымсақ, 1 кг тәтті бұрыш, 3 тал ащы бұрыш, 1 стакан сұйық май, дәміне қарай тұз, 100 гр уксус. Барлығын еттартқыштан өткізіп 1 сағат баяу отта қайнатасыз. Дайын болған кезде уксус қосып, стирильді банкаға салып қақпағын жауып, жылы орап қоясыз. Міне, бар болғаны осы.
Құрметті оқырман, сізде күз берекесінен қалыс қалмаңыз!
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31