Студенттік шақ-жаңа формат

Осы жылы елімізде колледжер мен жоғарғы оқу орындарындағы сабақтар толығымен онлайн емес, аралас форматта өтетін болды

Оның ережелерін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкіметтің онлайн отырысында таныстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Министр жоғары оқу орындарында оқыту негізінен қашықтан жүргізіледі деп отыр. Оның сөзінше, бакалавриатта педагогикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар бойынша дәріс және семинар сабақтары қашықтан өткізіледі. Сонымен қатар, Аймағамбетов техникалық, аграрлық және табиғи бағыттар, медицина әрі өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлардың 70 пайызы онлайн форматта, ал зертханалық және практикалық сабақтарды (30%) күшейтілген санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып, жеке-жеке өткізуге мүмкіндік берілетінін атап өтті. Магистратура мен докторантурадағы сабақтар да аралас принциппен оқытылады.

Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академиясының студенті атанған жерлесіміз Сағдат Жадыра да өз құрбы-құрдастары қатарлы алғашқы студенттік кезеңді қашықтықтан бастап отыр. Сағдат ауданымыздың Ғ.Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясының түлегі. Мектеп қабырғасынан жақсы тәртібімен, білімімен ерекше көзге түсіп 11 сыныпты үздік аттестатпен аяқтаған оқушылардың бірі. Ұлттық біріңғай тестілеуден жоғары балл алып, бүгінде өзі қалаған оқу орнының грантына қол жеткізді. Болашақта жоғары оқу орнын ойдағыдай аяқтап авиатехник мамандығын игеруді мақсат етуде. Мектеп қабырғасынан болашақ мамандығына тікелей қатысы бар физика, математика пәндерін тереңдетіп оқып, мақсатына жол сала білген жас түлектің арманы орындалды.

Дегенменен академия қабырғасындағы алғашқы оқу жылын қашықтықтан бастап, студент атанған Сағдаттың оқу-білімге деген құлшынысы жоғары. Алдағы уақытта еліміздегі жағдай түзеліп, студенттік өмірге оралуды армандайтын әрбір жастың тілегіне Сағдат та қосылады. Олай болса біз де бүгінгі білім алушылар, ертеңгі еліміздің болашағын қалаушы жастарға сәттілік тіледік.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

“Солнечный” на закате: почему в Костанайской области продают старые лагеря, когда их так не хватает?

Корреспонденты "КМ" обнаружили выставленный на аукцион бывший пионерский лагерь "Солнечный", расположенный в живописном Мендыкаринском районе.…

4 дня ago

Предприниматель Орал Нурабаев создал все условия в своем магазине для людей с ограниченными возможностями

На входную группу магазина «Саят» со всеми требованиями закона РК и пожеланий посетителей, местный бизнесмен…

1 неделя ago

На темпы уборочных работ по Мендыкаринскому району влияют переменные погодные условия

Несмотря на непогоду, аграрии района  делают высокие ставки на урожайность и закупочную цену на зерновую…

1 неделя ago

В Мендыкаринском районе прошла акция «День донора»

Мероприятие направленное на пополнение запасов крови для нуждающихся, проходила в здании районной больницы. (далее…)

2 недели ago

Бауржан Карамакин удостоен звания «Почетный гражданин Мендыкаринского района»

В честь празднования 95-летия района и за вклад в развитие родного края, созидательный труд и…

2 недели ago

Школьник из Мендыкаринского района получил за победу в конкурсе 3 миллиона тенге

Сельский школьник Азат Медетұлы – призер конкурсов эссе, выразительного чтения и конкурсов по казахскому языку…

3 недели ago

This website uses cookies.