Тұрсынбай Батыр руһына тағзым етілді
Биылғы жылы Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр.
Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін халық арасында ұлықтау туралы тапсырмасы бойынша және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елордамыздан арнайы ат басын бұрып келген қонақтар аудан жұртшылығымен кездесті.
Қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Құраманғазы Садуақасов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есет Кубеков қарсы алды.
– Мақсат халықтың тарихи ой-санасын көтеру, сондай-ақ, тарихымыздың тамыры тереңде жатқандығын, ұрпақтарсабақтастығы мен әдеби-мәдени сабақтастықты ұғындыру болып табылады дейді, – Аманжол Күзембайұлы тариих ғылымдарының докторы.
Сондай-ақ, бұл жиынның бас қонағы филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы «Түркі генесизі және Алтын Орда» тақырыбында баяндама жасады.
Айта кетейік, айтулы жиында алыс-жақыннан келген БАҚ өкілдері мен Қоғамдық бірлестік басшылары да өз ойларын ортаға салды. Бұл басқосудың тоқ етері киелі Меңдіқара өңірінің ұлттық құндылықтарын «Мәдени мұра» бағдарламасына еңгізу жұмыстарын қолға алу керектігін айғақтады.
Құрметті қонақтар соңынан Тұрсынбай Батыр руһына тағзым етіп, орталықтағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31