Тамыз кеңесі-өзекті жиын
Жиынға ардагер ұстаздар, жас мамандар, ауданымыздың білім ошақтарының басшылары мен ұстаздары ат салысты
Сондай-ақ, іс шараға арнайы аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Алла Тишбаева, облыстық білім басқармасының өкілі Татьяна Набатникова, аудандық білім бөлімінің басшысы Айымгүл Балтабаева қатысты.
Қонақтар аудан мектептерінің білім, өнер, спорт саласындағы жетістіктері мен толағай табыстарына арнайы ұсынылған көрмеден таныс болды. Тамыз кеңесінің салтанатты бөлімін аудандық білім бөлімінің басшысы Айымгүл Серікбайқызы құттықтау сөзімен ашып берді.
Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Марина Шрамко, Ғ.Жұмабаев атындағы БМГ директоры Нұргүл Жұмаділқызы, «Жас Әлем» балабақшасының меңгерушісі Бақытгүл Орынбекқызы, Түзету кабинетінің меңгерушісі Ольга Овчарова, Балалар шығармашылық үйінің директоры Перузат Сарсенбекқызы тақырыптық баяндама жасады.
Кеңестің қорытындысын жасаған облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Татьяна Ивановна «Меңдіқара ауданындағы арнайы білім жүйесі» тақырыбында сөз алды.
Тамыз кеңесінің марапаттау рәсімін «Жұлдыз» би тобы ашып, барша ұстаздар қауымына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша облыстық тамыз кеңесінде облыс аудандары арасында білім беру жүйесінің сапасы бойынша рейтингтік бағалау жеңімпазы атанған Меңдіқара аудандық білім бөлімі облыс әкімімен 700 000 теңгелік сертификатымен марапатталды.
Сол жиында Ломоносов орта мектебінің ұстазы Лариса Крохина Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хатымен және Ғ.Жұмабаев атындағы БМГ ұстазы Айнұр Ражанова Қостанай облысы әкімінің Грамотасымен марапатталды.
Мерекелік сахна төрінен облыстық білім басқармасының өкілі Татьяна Набатникова Боровской мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Рысжан Балтабаеваға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын табыс етті. Көктерек негізгі мектебінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Айнагүл Құлатаеваға, А.Шотаев атындағы БМГ орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Ольга Гридасоваға Қостанай облысының білім басқармасы басшысының Грамотасы табыс етілді.
«Ынтымақ» салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен Ғ.Жұмабаев атындағы БМГ-ның кәсіподақ төрайымы Айнаш Файзирова марапатталды.
Аудан әкімінің, білім бөлімінің грамотасымен марапаттау рәсімін білім бөлімінің басшысы Айымгүл Балтабаева жүргізді. Аталмыш мадақтамаға Лесной негізгі мектебінің директоры Есенгелді Нұрахметов, білім бөлімінің бас маманы Евгения Шумилейко, Введен орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Хусаинова, Первомай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Наталья Соболева, А.Шотаев атындағы БМГ информатика пәнінің ұстазы Денис Скибин, Степанов орта мектебінің математика пәні мұғалімі Любовь Ермоленко, Борков негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қазима Ищанова, Архипов орта мектебі ұстазы Наталья Белоусова, Жангелді орта мектебінің кітапханашысы Татьяна Софронова, «Балауса» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Сауле Есеналина ие болды.
Аталмыш мерекеде ұстаздар үшін аудан өнерпаздары тамаша мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Білім саласына қатысты өз ойларын ортаға салып, тың өзгерістер мен жаңа технологиялар жайындағы жиыннан әрбір ұстаз сусындап қайтты.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31