Таза жарнама – ауыл келбеті
Рейд барысында заң талаптары сақталмағандығы анықталды
Желтоқсан айының жиырма тоғызы күні аудандық тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан орталығында «Таза ауылға – таза жарнама» акциясы аясында рейд өткізілді. Аталмыш рейдке аудандық жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен БАҚ өкілдері атсалысты.
Іс-шара барысында аудан орталығындағы дүкендерге рейд жүргізіліп, көрнекі ақпарат құралдары мәтіндерінің «ҚР тіл туралы» және «Жарнама» туралы заңдар талаптары сәйкестігіне мониторинг жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Кезекті рейдке қатысқан жастар мен еріктілер көрнекі ақпарат құралдарында жазылған жарнаманың жазылуына ерекше көңіл бөліп, аса белсенділік танытты.
Таза ауылға – таза жарнама» акциясы бізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Біздің мақсат – қателікке жол бермеу, әдістемелік көмек көрсету. Бірақ аудан орталығындағы дүкендердің көрнекі ақпарат құралдарынан қателіктер табылды. Ауылымыздың таза келбеті үшін – алдағы күнде мұндай іс-шаралар жалғасын табатын болады,- дейді тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әлия Байтемірова.
Рейд барысында, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңының 21- бабында айтылғандай көрнекі ақпараттың барлық мәтіні талапқа сай: мемлекеттік тілде – сол жағына немесе жоғары жағына, орыс тілінде – оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, әріптері бірдей өлшеммен жазылады деген ақпараттық парақшалар таратылды.
Тұрсынай Мұхтарқызы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31