Туған күніңмен балабақша!
21 қараша бөбекжай-балабақшасы өзінің кезекті туған күнін атап өтті.
Биыл балабақшамыздың есігін айқара ашқанына 16 жыл толып отыр. Осы орайда балалар үшін тамаша музыкалық-ойын бағдарламасын Арайлым Боранбаева мен Сәуле Есеналина дайындады, мереке қонақтарына тосын сый боп Алдар Көсе келді. Алдар Көсе кейіпкерін ойнаған-тәрбиеші Мөлдір Манатова ал, тәрбиеші Гүлмира Айгужина «Шашы ұзын, ақылы қысқа Еркегүл» кейіпкерін тамаша орындады. Сонымен қатар мейірімді және көңілді «Балауса» рөлін дәстүрлі түрде педагог Нұргүл Нұрмағамбетова орындады.
Балалар ән айтып, би билеп, ойын ойнап көңіл көтерді.
Әрбір білім беру мекемесінің балабақшасында өзіндік ерекшелігі бар. Біздің МДҰ-да мектепке дейінгі балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне ерекше мән беріледі, сондықтан музыкалық жетекшіміз Мақпал Хасенова және хореограф Екатерина Бойко балаларды Отан туралы әндер менерекше билерді мұқият дайындады. Балалар оларды өте әсерлі орындады. Біз бәріміз балалық шақтанбыз, яғни балабақшадан бастағанбыз. Жылдар өткен сайын балаларды мектепке шығарып саламыз, сонымен қатар айналадағылар өзгереді, біздің балабақшамызда өзгеріп, гүлденеді. Балабақша тәрбиешілері әр баланың жүрегіне жол табады, аспаздар дәмді және пайдалы тамақтандыруға тырысады, бізде кім жұмыс істейді, сол өз жанының бір бөлігін өз жұмысына салады. Бұның нәтижесі көптеген ата-аналардың білдірген сенімді пікірлерінің ризашылығынан ұйымдасқан адал еңбек болып табылады, олар өте қуанышты және таңды асыға күтеді!
Балабақша-бұл әрқашан қуаныш, күлкі және көңілді болатын балалар елі. Біздің бөбекжай-бақшасында да күлкі мен қуаныш тұрақты тұрғындар болсын. Балалар көз жасы мен реніш аз болсын. Біздің бөбекжай-бақшамызға көптеген жылдар бойын табыс, сәттілік және амандық тілейміз.
Анар Кубекова,
«Балауса» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31